Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры студенттерге арналған шәкіртақыны тағайындау жөніндегі республикалық конкурстың қорытындысын жариялады.
2021 жылғы іріктеу қорытындысы бойынша Caspian University Экономика және менеджмент жоғары мектебінің студенті, «Өндіріс экономикасы» білім беру бағдарламасының үшінші курс студенті – Кельвич Алина Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының стипендиаты атанды. Қ
Бұл белсенді және жемісті оқу арқылы қажырлы еңбектің табиғи нәтижесі.
Алинаны құттықтаймыз және одан әрі, бұдан да үлкен табыстар тілейміз!
Еске салайық, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының шәкіртақылары жоғары және орта арнаулы (өнер және мәдениет) білім беру ұйымдарының күндізгі бөлімдері студенттерінің оқу, ғылыми және шығармашылық қызметін ынталандыру мақсатында тағайындалады

