КОУ түлектерінің жұмысқа орналасу деңгейі соңғы бес жылда жоғары деңгейде сақталуда.
- 2020 жыл – жұмысқа орналасу деңгейі 91,56%
- 2021 жыл – жұмысқа орналасу деңгейі 79,19%
- 2022 жыл – жұмысқа орналасу деңгейі 86,19%
- 2023 жыл – жұмысқа орналасу деңгейі 84,47%
- 2024 жыл – жұмысқа орналасу деңгейі 89,26%
Карьера орталығы университеттің Академиялық мектептерімен бірлесіп, мамандарды дайындау бағытына және болашақ кәсіби қызметке сәйкес меншік нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан тәжірибе базаларын анықтайды.
Тәжірибенің негізгі түрлері оқу, өндірістік және дипломалды болып табылады. Оқу тәжірибесі келесі форматтарда өткізілді: таныстыру, үздіксіз педагогикалық тәжірибе.
Соңғы 5 жылда Карьера орталығы мыңнан астам кәсіби тәжірибе базаларын ұсынды. Кәсіби тәжірибелер университеттің оқу базаларында, базалық кәсіпорындарда және тәжірибе өту орындарына барып, бітіруші кафедра оқытушыларының жетекшілігімен ұйымдастырылды. Оқу тәжірибесі барысында студенттер болашақ кәсіби қызметтің негізгі түрлері мен міндеттерімен танысып, дайындық бағыты бойынша бастапқы кәсіби дағдыларды игерді. Кәсіби тәжірибе базалары ретінде ірі компаниялар, Big4, FMCG секторы, мемлекеттік мекемелер, банктер, сақтандыру қорлары, IT-компаниялар қызмет етті.
Студенттер мен түлектерге мансапты жоспарлау, жұмысқа орналасу және тәжірибе мәселелерін шешу үшін келесі телефон нөмірлері ұсынылады:
+7 (707) 899 20 08, +7 (707) 036 80 91. Сонымен қатар, университеттің сайты арқылы да байланысуға болады.
Кәсіби қолдау келесі тәсілдер арқылы жүзеге асырылады:
➢ түлектерді жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша жұмыс берушілермен іскерлік байланыстар орнату;
➢ жас мамандарды жұмысқа қабылдауға мүдделі жұмыс берушілерді бітіруші біліктілік жұмыстарын қорғауға тікелей шақыру;
➢ жұмыс берушілерден түскен бос жұмыс орындарын КОУ корпустарындағы ақпараттық стендтерде, Карьера орталығының сайтында орналастыру;
➢ бос жұмыс орындары жәрмеңкесін, кәсіпорындар күнін, компаниялардың презентацияларын университет қабырғасында ұйымдастыру;
➢ жұмыспен қамту қызметінде есепте тұрған түлектердің тізімін тоқсан сайын алу және талдау;
➢ кәсіпорындардың бос жұмыс орындарына үміткерлерді іріктеу бойынша жеке сұраныстарын орындау.
КОУ Карьера орталығы жұмыс берушілерге бос жұмыс орындарын және ізденушілерге түйіндемелерін орналастыру мүмкіндігін ұсынады. Жыл сайын жұмыс беруші серіктестер тарапынан мыңнан астам бос жұмыс орны ұсынылады.
Жетекші рекрутингтік агенттіктердің ақпараты қолданылады. Бос жұмыс орындары Карьера орталығының сайтында, әлеуметтік желілердегі (Instagram, Telegram, WhatsApp) топтарда жарияланып, барлық курс студенттеріне тікелей жіберіледі.