Қамқоршылық кеңесі университеттің жоғарғы басқару органы болып табылады. Білім беру үрдісінде Қамқоршылық кеңесі қоғамдық консультативтік орган болып табылады және университеттің болашақ дамуына қатысты мәселелерді шешуге қатысады.
Қамқоршылық кеңес міндеттері:
- Университеттің стратегиясын және даму бағдарламаларын халықаралық деңгейдегі білім беру, ғылыми және мәдени орталық ретінде қалыптастыруға жәрдемдесу;
- білім беру процесіне қатысушылардың құқықтарының сақталуына қоғамдық бақылауды қамтамасыз ету;
- Университеттің халықаралық ғылыми, техникалық және мәдени ынтымақтастықты дамытуға жәрдемдесу.
Caspian University қамқоршылық кеңес құрамы
- Сәрсенов Рашит Темірболатұлы — «BSB»корпорациясының төрағасы, Президенті;
- Әбіқаев Нұртай Әбіқайұлы-ҚазҰӨА Президенті,»Отандастар қоры» КЕАҚ Президенті;
- Апарин Сергей Игоревич — «Новое поколение»газетінің бас редакторы;
- Ержанова Раушан Зейноллақызы – «Нұрбанк»АҚ Директорлар кеңесінің төрайымы;
- Сәрсенова Карина Рашитқызы-KS production продюсерлік орталығының бас продюсері;
- Креймер Эдуард Львович — «KSP Steel»ЖШС директоры;
- Қырымқұлов Сағын Еркасұлы — «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ Бас директоры;
- Рогов Игорь Иванович-заң ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті –Елбасы Қоры атқарушы директорының орынбасары;
- Сосковец Олег Николаевич-Ресей тауар өндірушілер одағының президенті.