Caspian University Гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің «Мәдениаралық және коммуникативтік аударма» білім беру бағдарламасының 4-курс студенті Ыбрайым Аружан Талғатқызы «Үздік студент» республикалық байқауында II дәрежелі диплом иегері атанды.
Байқауды Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығына орай «Bilim orkenieti» Ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығы ұйымдастырды.
Байқаудың негізгі мақсаты – оқу, ғылым және қоғамдық қызмет салаларында жоғары нәтижелерге қол жеткізген дарынды әрі белсенді жастарды анықтау және қолдау. Сонымен қатар, студенттердің зияткерлік және шығармашылық әлеуетін дамытуға, көшбасшылық қасиеттерін қалыптастыруға және білімге деген қызығушылығын арттыруға бағытталған.
Бұл марапат – студенттің жетістіктері мен кәсіби және тұлғалық дамуға деген ұмтылысының айқын дәлелі.
Caspian University Аружанды лайықты марапатымен құттықтап, алдағы уақытта толағай табыстар, жаңа жетістіктер мен биік белестер тілейді!

