Template is not defined.

Студенттерге қызмет көрсету орталығы

Caspian University студенттерге қызмет көрсету орталығы (СҚКО) – университет әкімшілігі мен студенттер арасында жаңа форматта тиімді коммуникацияларды қамтамасыз ететін, сондай-ақ консультативтік, білім беру қызметтерін ұсынатын ақпараттық ресурстық орталық.

СҚКО қызметінің негізгі қағидаттары студентке бағдарлануға, алынған ақпараттың құпиялылығына, сенім негізіндегі ынтымақтастыққа, мәселелерді шешудегі объективтілікке, дұрыс ақпарат ұсынуға бағытталған.

СҚКО-ның басты мақсаты білім алушыларға академиялық мәселелерді шешуде қолдау көрсету және университетке қатысты студенттердің адалдық деңгейін арттыру болып табылады.

СҚКО қызметі: 

  • Академиялық мәселелерді шешуде студенттерді қолдау;
  • Білім алушылардың білім алу процесінде қолдау;
  • Жеке және кәсіби өсуді дамыту саласында консультациялық қызметтер көрсету;
  • Ақпараттық қолдау, сондай-ақ университет қабырғаларындағы өзгерістер мен жаңалықтар туралы білім алушыларды уақтылы хабардар ету;
  • Алынған ақпараттың сақталуын және құпиялылығын қамтамасыз ету;

Сапалы консультативтік қызмет көрсету мәселесі бойынша (атап айтқанда: құжаттарды қабылдау, оқудан шығару, ауыстыру, қайта қабылдау, академиялық демалыс беру, үлгерімі туралы мәліметтер), сондай-ақ академиялық процеске байланысты барлық мәселелер бойынша (атап айтқанда: анықтамалар беру, студенттерді оқу пәндеріне тіркеу, кредиттерді қайта есептеу, пәндерді қайта есептеу, дипломдардың телнұсқаларын беру студенттер, магистранттар студенттерге қызмет көрсету орталығына (Caspian University, 1 қабат) хабарласа алады.

Орталық барлық оқу кезеңінде академиялық мәселелер бойынша білім алушыларға кеңес береді. СҚКО-ұсынылатын қызметтер спектрі дамыған, сапасы мен тиімділігі қағидатты жаңа деңгейге көтерілетін орталық.

ЖҰМЫС КЕСТЕСІ

дүйсенбі-жұма

09:00-18:00

СҚКО басшысы

Сатан Айгерім Берікқызы

СҚКО кординаторы

Арипбаев Нурсултан Боранбайулы

 Карибаева  Жадыра Полатовна

СҚКО кординаторы

Оқу процесі және анықтама беру мәселелері бойынша мына электрондық поштаға хабарласуларыңызды сұраймыз: kou.87086689045@mail.ru

Телефон арқылы:  8 708 668 90 45 (WhatsApp)

250 11 43 (ішкі нөмір 228)

өтініш үлгілері

Білім алушылардың назарына!

2020/2021 оқу жылының жазғы емтихан сессиясының қорытындысы бойынша бос білім беру гранттарын тағайындау конкурсы жарияланады. Мынадай білім беру бағдарламалары бойынша бос білім беру гранттарын беру жөніндегі комиссияның қарауына құжаттарды қабылдау жүзеге асырылады (білім беру бағдарламалары бөлінісінде гранттар саны туралы ақпарат төменде қоса беріледі).

Босаған мемлекеттік білім беру гранттарына өтініштер қабылдау. Өтініштер 2021 жылдың 27 шілдесіне дейін студенттерге қызмет көрсету орталығы арқылы қабылданады 

Үміткерлерге қойылатын талаптар:

Ақылы бөлімнің студенттері мемлекеттік білім гранттарының бос орнына келесі критерийлер бойынша үміткер бола алады:

  • «В045 Аудит және салық салу» білім беру бағдарламаларының тобы бойынша – академиялық қарызы жоқ, GPA кемінде 3.5, а, а- («өте жақсы»), В+, В, В- (жақсы) төмен емес бағалары бар.
  • «B057 Ақпараттық технологиялар» білім беру бағдарламаларының тобы бойынша, GPA кемінде 3.5, А, А – дан төмен емес бағалары бар («өте жақсы»)
  • Академиялық қарызы жоқ «В071 тау-кен ісі және пайдалы қазбаларды өндіру» білім беру бағдарламаларының тобы бойынша GPA кемінде 2,95 аралас бағалары бар.

Қажетті құжаттар:
1. Каспий қоғамдық университеті ректорының атына өтініш;
2. Транскрипт оқудың барлық кезеңі үшін;
3. Жеке куәліктің көшірмесі.

№ Білім беру бағдарламасының/ мамандығының коды және атауы Курс бос гранттар саны

Білім беру бағдарламасының/ мамандығының коды және атауыКурсБос гранттар саны
16B04111 – Есеп және аудит21
26B07252 – Тау-кен және мұнай-газ ісі22
36B06120 – Бағдарламалық инженерия21
Барлығы4



Консультация

Получить консультацию в Caspian University