Ю.Г. Басиннің 100 жылдық мерейтойына арналған «Жеке құқықтың өзекті мәселелері» атты жыл сайынғы Басин оқулары аясында студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы
Каспий қоғамдық университетінің «Әділет» Жоғары құқық мектебі Сізді Ю.Г. Басиннің 100 жылдық мерейтойына арналған «Жеке құқықтың өзекті мәселелері» атты жыл сайынғы Басин оқулары аясында студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысуға шақырады.
Конференция 2023 жылдың 29 наурызында офлайн және онлайн форматында өтеді. Басталуы Алматы қ. уақыты бойынша сағат 12:00-де. Конференцияға сілтеме және кіру коды 2023 жылдың 25 наурызынан кейін қосымша жіберіледі.
Конференцияның жұмыс тілдері – қазақ, орыс, ағылшын. Қатысу нысаны – офлайн және сырттай (онлайн).
Конференция ұйымдастырушыларының мекен-жайы: Каспий қоғамдық университеті (Алматы қ., Достық даңғылы 85А).
Конференцияның өткізілу орны: Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Достық даңғылы 85А, Каспий қоғамдық университеті (үлкен акт залы, 3 қабат).
Қазақ тіліндегі ақпараттық хатқа сілтеме.

