Template is not defined.

CASPIAN UNIVERSITY QS (QUACQUARELLI SYMONDS) РЕЙТИНГІНДЕ

QS (Quacquarelli Symonds) – әлем университеттерінің академиялық артықшылығын бағалайтын жаһандық рейтингтік агенттік.

Компания туралы.

QS (Quacquarelli Symonds) – жоғары білім саласындағы талдау жүргізуде әлемдік көшбасшы, академиялық беделділік, объективтілік және халықаралық мойындаудың символы ретінде жаһанға танылған бренд. QS үш онжылдықтан астам уақыт бойы әлем университеттерінің сапа стандарттары мен бәсекеге қабілеттілігін қалыптастырып келеді.

Жаһандық ықпал.

QS World University Rankings – әлемдегі ең беделді және ықпалды университеттік рейтинг. Ол қай университеттердің білім беру, ғылым және инновациялар бойынша әлемдік стандарттарды айқындайтынын көрсетеді.

Бұл рейтинг жыл сайын миллиондаған студенттер, оқытушылар және жұмыс берушілер үшін басты бағдарға айналады.

Академиялық миссия.

QS университеттерді тек академиялық бедел арқылы ғана емес, сонымен қатар олардың қоғам мен экономикаға шынайы ықпалын көрсететін көпқырлы критерийлер бойынша бағалайды:

  • Академиялық бедел – әлемдік ғылыми қауымдастықтың мойындау деңгейі;
  • Жұмысберушілер арасындағы репутация – түлектердің еңбек нарығында сұранысқа ие болуын көрсететін көрсеткіш;
  • Оқытушылармен студенттердің арақатынасы – білім беру сапасының маңызды индикаторы;
  • Ғылымижарияланымдардың дәйексөзделуі – университеттің ғылыми үлесінің өлшемі;
  • Халықаралыққұрам – шетелдік студенттер мен оқытушылар үлесі, университеттің жаһандық мәртебесін дәлелдейтін фактор.

QS-тың әлемдегі рөлі.

QS тек нәтижені өлшеп қоймайды — ол оны айқындайды.

QS рейтингі жетекші университеттердің даму стратегияларына ықпал етіп, әлем елдерінің білім берудегі басымдықтарын қалыптастырады.

Caspian University – QS Asia University Rankings 2026 нұсқасы бойынша Азияның үздік университеттері қатарында

Халықаралық деңгейдегі серпіліс.

2025 жылғы 4 қарашада халықаралық QS Quacquarelli Symonds агенттігі QS Asia University Rankings 2026 рейтингін жариялады – бұл Азия университеттері тарихындағы ең ауқымды рейтинг. Биылғы рейтингке Қытай (материктік бөлігі және Гонконг), Үндістан, Жапония, Оңтүстік Корея, Индонезия, Сингапур, Пәкістан, Тайвань және басқа да елдердің жетекші әрі ең ірі университеттері қатысты.

Атап айтқанда, рейтингке төмендегі ірі жоғары оқу орындары енді:

  • Шанхай саяси ғылымдар және құқық университеті – Шанхайдың (Қытайдың материктік бөлігі) алдыңғы қатарлы университеттерінің бірі, QS Asia University Rankings 2026 тізімінде 1401–1500 орындар аралығында.

Сонымен бірге, «Soft Science» компаниясы жариялаған Қытайдың үздік университеттері рейтингінде (2020 жыл) аталған университет Қытай ЖОО-лары ішінде 4-орынға ие болған.

  • Солтүстік-Батыссаяси ғылымдар және құқық университеті – Қытайдың материктік бөлігіндегі Сиань қаласының жетекші университеттерінің бірі. QS Asia University Rankings 2026 нәтижесі бойынша 1401–1500 орындар диапазонында орналасқан;
  • ДаляньЦзяотун университеті (Қытайдың материктік бөлігі) – оқу жабдықтарымен қамтамасыз етілу деңгейі 260 млн юаньды құрайтын, кітапханасының аумағы 43 000 шаршы метр болатын, онда 1 402 321 кітап және 22 247 қытай және шетелдік электрондық журнал түрлері сақталған жоғары оқу орны. QS Asia University Rankings 2026 рейтингінде 1401–1500 орындар аралығында орналасқан.

Осы беделді тізімде алғаш рет Caspian University көрсетіліп, 1201–1300 орындар диапазонынан орын алып, Азия аймағындағы үздік университеттер қатарына ресми түрде енді.

Жетістіктің маңыздылығы.

Caspian University-дің QS Asia рейтингіне енуі – оның халықаралық деңгейдегі академиялық мәртебесін мойындаудың айқын дәлелі. Бұл маңызды оқиға университеттің:

  • оқытудыңжәне ғылыми зерттеулердің тұрақты сапасын;
  • халықаралықакадемиялық әріптестіктерді белсенді дамытуын;
  • жаһандықбілім кеңістігіне кірігу және институционалдық дамудың тиімді стратегиясын жүзеге асырып жатқанын растайды.

Бәсекелік артықшылық және позициялану.

QS Asia рейтингі университеттерді академиялық бедел, ғылыми жарияланымдардың дәйексөзделуі, халықаралық ынтымақтастық, түлектердің еңбек нарығында сұранысқа ие болуы секілді 11 негізгі көрсеткіш бойынша бағалайды.

Аталған бағыттар бойынша жоғары нәтижелер көрсеткен Caspian University дәстүрлі түрде үлкен ресурстық әлеуетке ие бірқатар мемлекеттік және өңірлік университеттерден оза алды.

Осылайша, Caspian University-дің рейтингтегі орны – оның жеке меншік мәртебесіне және шағын институционалдық құрылымына қарамастан, ұлттық және шетелдік көшбасшы университеттермен тең дәрежеде бәсекеге қабілетті екенін дәлелдейді.

Жетістіктің контексті.

  • 2026 жылы рейтингке 44 қазақстандық университет енді.
  • CaspianUniversity Назарбаев Университеті және Қазақстанның бірқатар жетекші жоғары оқу орындарымен бірге рейтингке алғаш енген ТОП-10 қазақстандық ЖОО-лардың құрамына кірді.
  • Қазақстан Азияның ТОП-100 үздік университеттері тізіміне енген Орталық Азиядағы жалғыз мемлекет атанды — бұл Каспий университеті де үлес қосып отырған ұлттық жоғары білім беру жүйесінің жоғары деңгейін дәлелдейді.

Стратегиялық мәні.

Caspian University-дің QS Asia 2026 рейтингіне енуі – бұл тек білім беру сапасының мойындалуы ғана емес, сонымен қатар университеттің стратегиялық дамуын күшейтетін маңызды ресурстық актив. Бұл жетістік:

  • университет брендінің халықаралық аренадағы беделін;
  • серіктестермен инвесторлардың сенімін;
  • студенттермен оқытушылар үшін тартымдылығын;
  • халықаралықғылыми-білім беру консорциумдарына қатысу әлеуетін арттырады.

Қорытынды.

Caspian University-дің QS Asia University Rankings 2026 тізіміне енуі – университеттің аймақтың жетекші білім беру орталықтарының қатарынан өз орнын нық иеленіп, Азияның үздік мемлекеттік және ұлттық университеттерімен тең дәрежеде бәсекелесетінін дәлелдейтін тарихи қадам.

Бұл жетістік – стратегиялық көшбасшылықтың, ұжымның кәсіби шеберлігінің және университеттің академиялық бренді мен халықаралық танымалдылығын жүйелі түрде арттыру жұмыстарының айқын нәтижеcі.

Басқа мақалалар

РЕСМИ ХАБАРЛАМА

«CIS GLOBAL MEDICAL EDUCATION LLP» компаниясымен ынтымақтастықты тоқтату туралы Каспий қоғамдық университеті өтініш берушілерге, студенттерге, олардың ата-аналарына және басқа да мүдделі тараптарға Университеттің CIS GLOBAL

CASPIAN UNIVERSITY УНИВЕРСИТЕТІ ҚЫТАЙДЫҢ ГУЙЧЖОУ КӨЛІК КӘСІБИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ДЕЛЕГАЦИЯСЫН ҚАБЫЛДАДЫ

2026 жылғы 11 қарашада Caspian University-де Laihua Online (Wuhan) International Education Technology Co. Ltd. компаниясының қолдауымен Қытайдың Гуйчжоу көлік кәсіби университетінің делегациясымен кездесу өтті. Делегация

CASPIAN UNIVERSITY СТУДЕНТІ «ТҮРКІ ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ ҮЗДІК СТУДЕНТІ» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУДЫҢ ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫМЕН МАРАПАТТАЛДЫ

Caspian University Гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің «Мәдениаралық-коммуникативтік аударма» білім беру бағдарламасының 4-курс студенті Аманкелді Гүлсара Мұхтарқызы «Түркі халықтарының үздік студенті» атты халықаралық байқауға қатысып, Құрмет

CASPIAN UNIVERSITY ТАҒЫ ДА ҮЗДІКТЕР ҚАТАРЫНДА!

Caspian University Гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің «Мәдениаралық және коммуникативтік аударма» білім беру бағдарламасының 4-курс студенті Ыбрайым Аружан Талғатқызы «Үздік студент» республикалық байқауында II дәрежелі диплом