Template is not defined.

Университетте оқытушылар мен қызметкерлерге арналған Жазғы мектеп өз жұмысын аяқтады. Бағдарлама екі кезеңде өтті: бірінші кезең – 2026 жылғы 12–15 маусым, екінші кезең – 2026 жылғы 22–26 маусым аралығында.

Жазғы мектеп – профессор-оқытушылар құрамы мен университет қызметкерлерінің үздіксіз кәсіби дамуына бағытталған дәстүрлі интерактивті алаң.

Биылғы бағдарламаның негізгі бағыты – білім беру үдерісіне заманауи генеративті жасанды интеллект (Generative AI) құралдарын интеграциялау және академиялық адалдық қағидаттарын сақтау болды.

Оқыту офлайн форматтағы қарқынды воркшоптар, пікірталастар және практикалық жобалар түрінде ұйымдастырылды. Жазғы мектептің спикерлері  Caspian University Инженерия институтының оқытушылары – Нурпеисова Гүлнара Байболовна, Арын Арай Болатовна, Инков Денис Олегович және Гезлер Джонатан.

Бағдарламаны сәтті аяқтаған барлық қатысушыларға біліктілікті арттыру туралы сертификаттар табысталды. Бағдарлама барысында алынған жаңа білім мен практикалық дағдылар профессор-оқытушылар құрамының жаңа оқу жылындағы білім беру қызметінде кеңінен қолданылатын болады.

Университет барлық спикерлерге кәсіби тәжірибесімен бөліскені үшін, ал тыңдаушыларға жоғары белсенділігі мен кәсіби дамуға деген ұмтылысы үшін шынайы алғысын білдіреді!

Басқа мақалалар

Мемлекеттік білім беру грантының бос орындарына конкурс жариялау туралы хабарландыру (өтініштерді қабылдау 2026 жылғы 23 шілдеге дейін)

Білім алушылардың назарына!  Мемлекеттік білім беру грантының бос орындарына конкурс жарияланады. Ақылы негізде білім алып жүрген студенттер тиісті білім беру бағдарламалары тобы бойынша конкурстық негізде

Университетте оқытушылар мен қызметкерлерге арналған Жазғы мектеп өз жұмысын аяқтады. Бағдарлама екі кезеңде өтті: бірінші кезең – 2026 жылғы 12–15 маусым, екінші кезең – 2026

«Әділет» ғылыми еңбектері» журналының жаңартылған сайты іске қосылды

Құрметті әріптестер мен университет қонақтары! Сіздерге университетіміздің ғылыми өміріндегі маңызды оқиға туралы зор қуанышпен хабарлаймыз. Caspian University жанындағы «Әділет» Жоғары құқық мектебінің жетекші рецензияланатын заң

Caspian University-де «Цифрлық және әлеуметтік сын-қатерлер дәуіріндегі жасанды интеллект және құқық» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Алматыда «Цифрлық және әлеуметтік сын-қатерлер дәуіріндегі жасанды интеллект және құқық» атты ғылыми-практикалық конференция өтті 2026 жылғы 1 маусымда Caspian University базасында «Цифрлық және әлеуметтік сын-қатерлер