Template is not defined.

«Әділет» ғылыми еңбектері» журналының жаңартылған сайты іске қосылды

Құрметті әріптестер мен университет қонақтары!

Сіздерге университетіміздің ғылыми өміріндегі маңызды оқиға туралы зор қуанышпен хабарлаймыз. Caspian University жанындағы «Әділет» Жоғары құқық мектебінің жетекші рецензияланатын заң журналы – «Әділет ғылыми еңбектері» журналы өзінің жаңартылған ресми веб-сайтын іске қосты.

Енді журналдың ағымдағы және мұрағат сандарымен танысу, сондай-ақ жарияланымға мақалалар ұсыну үдерісі бұрынғыдан да ыңғайлы бола түсті. Баршаңызды журналдың жаңа порталын көруге шақырамыз: https://ojs.adlet-nt.kz/index.php/nt/Information

Сайтта авторларға арналған толық ақпарат, соның ішінде мақалаларды рәсімдеу талаптары мен жариялау құны, сондай-ақ журналдың соңғы сандарын жүктеу мүмкіндігі ұсынылған. 1996 жылдан бері жарық көріп келе жатқан журнал заң ғылымы саласында ғылыми білімді тарату және ұлттық әрі халықаралық деңгейде заңгер-ғалымдар арасында тәжірибе алмасуға ықпал ету миссиясын табысты жалғастыруда.

Сіздерді сайттың жаңа мүмкіндіктерін тиімді пайдалануға және ғылыми қауымдастығымыздың қызметіне белсенді қатысуға шақырамыз!

Құрметпен,

«Әділет ғылыми еңбектері» журналының редакциясы

Басқа мақалалар

РЕСМИ ХАБАРЛАМА

«CIS GLOBAL MEDICAL EDUCATION LLP» компаниясымен ынтымақтастықты тоқтату туралы Каспий қоғамдық университеті өтініш берушілерге, студенттерге, олардың ата-аналарына және басқа да мүдделі тараптарға Университеттің CIS GLOBAL

CASPIAN UNIVERSITY УНИВЕРСИТЕТІ ҚЫТАЙДЫҢ ГУЙЧЖОУ КӨЛІК КӘСІБИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ДЕЛЕГАЦИЯСЫН ҚАБЫЛДАДЫ

2026 жылғы 11 қарашада Caspian University-де Laihua Online (Wuhan) International Education Technology Co. Ltd. компаниясының қолдауымен Қытайдың Гуйчжоу көлік кәсіби университетінің делегациясымен кездесу өтті. Делегация

CASPIAN UNIVERSITY СТУДЕНТІ «ТҮРКІ ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ ҮЗДІК СТУДЕНТІ» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУДЫҢ ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫМЕН МАРАПАТТАЛДЫ

Caspian University Гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің «Мәдениаралық-коммуникативтік аударма» білім беру бағдарламасының 4-курс студенті Аманкелді Гүлсара Мұхтарқызы «Түркі халықтарының үздік студенті» атты халықаралық байқауға қатысып, Құрмет

CASPIAN UNIVERSITY ТАҒЫ ДА ҮЗДІКТЕР ҚАТАРЫНДА!

Caspian University Гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің «Мәдениаралық және коммуникативтік аударма» білім беру бағдарламасының 4-курс студенті Ыбрайым Аружан Талғатқызы «Үздік студент» республикалық байқауында II дәрежелі диплом