2026 жылғы 1–2 қазанда Алматы қаласында жыл сайынғы азаматтық-құқықтық оқулар аясында «Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы: тарихы, теориясы, практикасы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті.
Конференция Қазақстанның көрнекті ғалым-цивилисі, Каспий университетінің Жеке құқық ғылыми-зерттеу институтының директоры, Қазақстан халықаралық төрелік сотының төрағасы, «Зангер» заң фирмасының аға серіктесі, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, заң ғылымдарының докторы, профессор Майдан Күнтуарұлы Сүлейменовтің 85 жас мерейтойына арналды.
Конференцияны Каспий Қоғамдық университеті Жеке құқық ғылыми-зерттеу институты, «Зангер» заң фирмасы және Қазақстан халықаралық төрелік соты ұйымдастырды. Конференция аралас форматта, яғни офлайн және онлайн түрде өтті: қашықтан (онлайн) қатысу Zoom платформасында, ал күндізгі (офлайн) формат Каспий қоғамдық университетінде, Алматы қаласы, Достық даңғылы, 85А мекенжайында ұйымдастырылды.
Халықаралық ғылыми-практикалық конференция Қазақстан мен шет мемлекеттердің жетекші заңгер-ғалымдарын, сот жүйесінің өкілдерін, заң практикасы саласының мамандарын және академиялық қауымдастық өкілдерін біріктірді. Конференция жұмысына азаматтық, кәсіпкерлік, халықаралық жеке құқық және құқықтың өзге де салалары бойынша танымал мамандар қатысты.
Конференцияның өткізілуі Қазақстанның цивилистикалық ғылымы үшін маңызды оқиға болып, қатысушыларға Қазақстан Республикасының азаматтық құқығының қалыптасу тарихы мен қазіргі жағдайын, жеке-құқықтық реттеуді дамытудың негізгі бағыттарын, құқық қолдану саласындағы өзекті мәселелерді, сондай-ақ азаматтық заңнаманы одан әрі жетілдіру перспективаларын талқылауға мүмкіндік берді.
Конференция аясында профессор Майдан Күнтуарұлы Сүлейменовтің ғылыми мұрасы мен көп жылғы қызметіне ерекше назар аударылды. Ол қазіргі қазақстандық азаматтық құқық мектебінің қалыптасуы мен дамуына, Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасын қалыптастыруға, заң ғылымы, білім беру және төрелік салаларының дамуына елеулі үлес қосты.
- Құттықтау сөз сөйлегендер:
- Куатбаев Азат Куангалиевич – Каспий университетінің ғылым және стратегиялық даму жөніндегі проректоры, техника ғылымдарының докторы, профессор, Халықаралық инженерлік академияның академигі (толық мүшесі), Қазақстан Республикасы Ұлттық инженерлік академиясының академигі (толық мүшесі), Қазақстан ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі (толық мүшесі);
- Kuznetsova Natalia – Тарас Шевченко атындағы Киев ұлттық университетінің азаматтық құқық кафедрасының профессоры, Украина Ұлттық құқық ғылымдары академиясының академигі, Украина ғылымы мен техникасының еңбек сіңірген қайраткері, заң ғылымдарының докторы, профессор;
- Дулатбеков Нурлан Орынбасарович – Қазақстан Республикасы І шақырылымы Құрылтайының «Әділет» партиясынан депутаты, Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің мүшесі, ҚР ҰҒА академигі, заң ғылымдарының докторы, профессор;
- Одинцова Маргарита Владимировна – Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы;
- Рогов Игорь Иванович – Нұрсұлтан Назарбаев қорының атқарушы директорының орынбасары, заң ғылымдарының докторы, профессор.

Конференцияның құттықтау бөлімі профессор Майдан Күнтуарұлы Сүлейменовтің «Жеке құқық бойынша таңдамалы еңбектер үш томдықта (2017–2026 жж.)» атты үш томдық басылымының таныстырылымымен аяқталды. Аталған кезеңдегі автордың ғылыми еңбектерін біріктірген басылымды Каспий университетінің Жеке құқық ғылыми-зерттеу институтының ғылыми қызметкері, заң ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, Қазақстан халықаралық төрелік сотының атқарушы директоры Дүйсенова Асель Ериковна таныстырды.
Конференцияның ғылыми бөлігін Сүлейменов Майдан Күнтуарұлының «Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы: тарихы, теориясы, практикасы» тақырыбындағы баяндамасы ашты.
Бірлескен ғылыми баяндамамен «Draft Civil Code of Ukraine: from updating legislation to a new model of private law» выступили Natalia Kuznetsova, professor at the department of civil law, Taras Shevchenko National University of Kyiv, academician of the National academy of legal sciences of Ukraine, honored scientist and engineer of Ukraine, doctor of legal sciences, professor (Ukraine), Oleksiy Kот, director of the institute of law-making and scientific-legal expertise of the National academy of sciences of Ukraine, corresponding member of the National academy of laws of Ukraine, honored lawyer of Ukraine, doctor of law, professor (Ukraine), Гриняк Андрiй, deputy director of the institute of law-making and scientific-legal expertise of the National academy of sciences of Ukraine, corresponding member of the National academy of laws of Ukraine, honored lawyer of Ukraine, doctor of law, professor (Ukraine).
- Ғылыми баяндамалармен сөз сөйлегендер:
- Баешу Сержиу / Sergiu Băieșu – Молдова мемлекеттік университеті заң факультетінің деканы, Молдова Республикасының Жоғары магистратура кеңесінің мүшесі, құқық докторы, профессор, «Заттық құқықтар жүйесі: Грузия, Қазақстан, Молдова және Украина азаматтық кодекстерінің салыстырмалы-құқықтық талдауы» тақырыбында баяндама жасады;
- Шрамм Ханс-Йоахим – Германияның Висмар қаласындағы Қолданбалы ғылымдар, технологиялар, бизнес және дизайн университеті Шығыс институтының тең директоры, құқық докторы, профессор, «Қазақстан Республикасының азаматтық құқығының және AIFC-тің дамуы» тақырыбында баяндама жасады;
- Ильясова Куляш Муратовна – Каспий қоғамдық университетінің Жеке құқық ғылыми-зерттеу институтының бас ғылыми қызметкері, заң ғылымдарының докторы, профессор, «Қазақстан Республикасында жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы заңнаманың қалыптасуы мен дамуы» тақырыбында баяндама жасады;
- Диденко Анатолий Григорьевич – Каспий қоғамдық университетінің «Әділет» заң Жоғары мектебінің профессоры, заң ғылымдарының докторы, профессор, «Цивилистикалық ой классиктері туралы» тақырыбында баяндама жасады;
- Gutbrod Max / Гутброд Макс – Потсдам университетінің оқытушысы, құқық докторы, «Corporate Law as part of Civil Law – Perceptions about Kazakhstan» тақырыбында баяндама жасады;
- Усуб Эльчин Ариф оглы – «Rödl & Partner» консалтингтік компаниясының Баку кеңсесінің басқарушысы, адвокат, Әзербайжан Республикасы Адвокаттар алқасы Президиумының мүшесі, заң ғылымдарының кандидаты (Әзербайжан);
- «Әзербайжан Республикасының жеке құқығын кодификациялау және жаңғырту: бастаулары мен перспективалары»
және тағы басқалар.
Конференция барысында азаматтық құқық пен заманауи цивилистиканың дамуының өзекті мәселелеріне арналған бірқатар мазмұнды баяндамалар да тыңдалды.
Конференцияға қатысушылардың баяндамалары қазіргі азаматтық құқықтың өзекті теориялық және практикалық мәселелеріне, жеке-құқықтық реттеудің және құқық қолдану практикасының даму үрдістеріне арналды. Қатысушылардың халықаралық құрамы қарастырылған мәселелерді Қазақстан Республикасының азаматтық құқығының дамуы контекстінде ғана емес, сондай-ақ шетелдік тәжірибе мен жеке құқықтың қазіргі даму үрдістерін ескере отырып талқылауға мүмкіндік берді.
Ғылыми пікірталас барысында қазақстандық цивилистикалық ғылымның сабақтастығы мен одан әрі дамуы, заңнаманы және сот практикасын жетілдірудегі құқықтық доктринаның рөлі, сондай-ақ тиімді жеке-құқықтық реттеу жүйесін қалыптастырудағы іргелі ғылыми зерттеулердің маңызы мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Екі күн бойы конференция жұмысы ғылыми баяндамалар мен ғылыми хабарламалар форматында ұйымдастырылды. 2 қазанда конференцияның жабылу рәсімі өтіп, одан кейін академик Сүлейменов Майдан Күнтуарұлын құрметтеу рәсімі ұйымдастырылды.
Академик Сүлейменов Майдан Күнтуарұлының 85 жылдығына орай оның атына Қазақстан Республикасы Құрылтайының Төрағасы Дадебай Айбек Аркабайұлының, Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының Төрағасы Азимова Эльвира Әбілқасымқызының, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы Мерғалиев Асланбек Амангелдіұлының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Ұлттық ғылым академиясының Президенті Күрішбаев Ахылбек Қажығұлұлының құттықтаулары келіп түсті.
Қазақстан Республикасы Құрылтайы атынан құттықтауды Қазақстан Республикасы І шақырылымы Құрылтайының «Әділет» партиясынан депутаты, Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің мүшесі, ҚР ҰҒА академигі, заң ғылымдарының докторы, профессор Дулатбеков Нұрлан Орынбасарұлы жеткізді.
Қазақстан Республикасы Конституциялық Соты атынан құттықтау сөзді Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьясы Скрябин Сергей Васильевич сөйледі.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты атынан құттықтау сөзді Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы Одинцова Маргарита Владимировна сөйледі.
Конференция әртүрлі ғылыми мектептер мен құқықтық жүйелер өкілдері арасында кәсіби пікір алмасу, ғылыми идеялар мен практикалық тәжірибе бөлісу, азаматтық құқықтың өзекті мәселелері мен даму перспективаларын талқылау алаңына айналды.
Жыл сайынғы азаматтық-құқықтық оқуларды өткізу Қазақстанның жеке құқық мектебінің дәстүрлерін сақтауға және дамытуға, халықаралық ғылыми байланыстарды нығайтуға, сондай-ақ қазіргі заманғы цивилистиканың аса маңызды мәселелерінің айналасында ғалымдар мен практик заңгерлерді біріктіруге ықпал етеді.
Конференцияға қатысушылар профессор Майдан Күнтуарұлы Сүлейменовтің Қазақстандағы азаматтық құқық пен заң ғылымын дамытуға, ғалымдар мен заңгерлердің бірнеше буынын даярлауға, отандық цивилистикалық мектептің қалыптасуына және халықаралық ғылыми ынтымақтастықты дамытуға қосқан елеулі үлесін атап өтті.




