Template is not defined.

Caspian University-де ChatGPT және Codex құралдарын қолдану бойынша практикалық семинар өтті

Caspian University оқытушыларына арналған жасанды интеллект құралдарын білім беру және ғылыми-зерттеу қызметінде қолдану мүмкіндіктеріне арналған практикалық семинар өтті.

Семинар спикері – Қажығалиева Айгерім Бекетқызы, PhD, жасанды интеллект әдіскері.

Семинар барысында оқытушының күнделікті жұмысында жасанды интеллектіні қолданудың практикалық мүмкіндіктері қарастырылды. Атап айтқанда, оқу материалдарын дайындау, тапсырмалар әзірлеу, тиімді сұраныстар (промпттар) құрастыру және ғылыми мәтіндермен жұмыс істеу мәселелеріне назар аударылды. Сонымен қатар Codex құралының цифрлық шешімдер әзірлеу және күнделікті жұмыс үдерістерін автоматтандыру мүмкіндіктері таныстырылды.

Бағдарламаның жеке бөлімі плагиндер мен ЖИ-агенттерге арналды. Қатысушылар қосымша құралдарды біріктіру және интеллектуалды агенттерді білім беру мен ғылыми-зерттеу қызметіндегі күрделі, көп кезеңді міндеттерді орындау үшін пайдалану мүмкіндіктерімен танысты.

Семинар практикалық форматта өтті. Қатысушылар ЖИ құралдарының мүмкіндіктерімен танысып қана қоймай, оларды нақты тапсырмаларда қолданып көрді, өз пәндерінде пайдалану жолдарын талқылап, тәжірибе алмасты.

Кездесу барысында академиялық адалдық, алынған нәтижелердің дұрыстығын тексеру және жасанды интеллект технологияларын жауапкершілікпен пайдалану мәселелеріне де ерекше көңіл бөлінді.

Мұндай іс-шараларды өткізу оқытушылардың цифрлық құзыреттерін дамытуға және заманауи технологиялық шешімдерді білім беру үдерісіне енгізуге ықпал етеді.

Басқа мақалалар

РЕСМИ ХАБАРЛАМА

«CIS GLOBAL MEDICAL EDUCATION LLP» компаниясымен ынтымақтастықты тоқтату туралы Каспий қоғамдық университеті өтініш берушілерге, студенттерге, олардың ата-аналарына және басқа да мүдделі тараптарға Университеттің CIS GLOBAL

CASPIAN UNIVERSITY УНИВЕРСИТЕТІ ҚЫТАЙДЫҢ ГУЙЧЖОУ КӨЛІК КӘСІБИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ДЕЛЕГАЦИЯСЫН ҚАБЫЛДАДЫ

2026 жылғы 11 қарашада Caspian University-де Laihua Online (Wuhan) International Education Technology Co. Ltd. компаниясының қолдауымен Қытайдың Гуйчжоу көлік кәсіби университетінің делегациясымен кездесу өтті. Делегация

CASPIAN UNIVERSITY СТУДЕНТІ «ТҮРКІ ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ ҮЗДІК СТУДЕНТІ» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУДЫҢ ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫМЕН МАРАПАТТАЛДЫ

Caspian University Гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің «Мәдениаралық-коммуникативтік аударма» білім беру бағдарламасының 4-курс студенті Аманкелді Гүлсара Мұхтарқызы «Түркі халықтарының үздік студенті» атты халықаралық байқауға қатысып, Құрмет

CASPIAN UNIVERSITY ТАҒЫ ДА ҮЗДІКТЕР ҚАТАРЫНДА!

Caspian University Гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің «Мәдениаралық және коммуникативтік аударма» білім беру бағдарламасының 4-курс студенті Ыбрайым Аружан Талғатқызы «Үздік студент» республикалық байқауында II дәрежелі диплом