2026 жылғы 11 қарашада Caspian University-де Laihua Online (Wuhan) International Education Technology Co. Ltd. компаниясының қолдауымен Қытайдың Гуйчжоу көлік кәсіби университетінің делегациясымен кездесу өтті.
Делегация құрамына университет басшылығы мен профессор-оқытушылар құрамы өкілдері, сондай-ақ LINCA білім беру тобының халықаралық байланыстар жөніндегі маманы кірді.
Кездесу барысында тараптар халықаралық академиялық ынтымақтастықты дамыту перспективаларын талқылап, білім беру үдерісін ұйымдастыру және мамандар даярлау саласындағы тәжірибелерімен алмасты. Сонымен қатар бірлескен білім беру бастамаларын жүзеге асыру мүмкіндіктері қарастырылды.
Сапар аясында Гуйчжоу көлік кәсіби университетінің өкілдері Caspian University-дің құрылыс мамандықтары бойынша білім алып жатқан студенттеріне арнайы презентация өткізді. Презентация барысында өз университеттерін таныстырып, білім беру бағдарламаларының ерекшеліктері мен құрылыс инженериясы саласындағы даярлау бағыттары туралы ақпарат берді.
Кездесу халықаралық академиялық байланыстарды нығайту жолындағы маңызды қадам болып, Қазақстан мен Қытай университеттері арасында білім мен тәжірибе алмасуға және ұзақ мерзімді әріптестікті дамытуға жаңа мүмкіндіктер ашты.
Caspian University студенттер мен оқытушылар үшін жаңа мүмкіндіктер қалыптастыра отырып, халықаралық ынтымақтастық аясын кеңейтуді жалғастыруда.



