Template is not defined.

CASPIAN UNIVERSITY ТАҒЫ ДА ҮЗДІКТЕР ҚАТАРЫНДА!

Caspian University Гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің «Мәдениаралық және коммуникативтік аударма» білім беру бағдарламасының 4-курс студенті Ыбрайым Аружан Талғатқызы «Үздік студент» республикалық байқауында II дәрежелі диплом иегері атанды.

Байқауды Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығына орай «Bilim orkenieti» Ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығы ұйымдастырды.

Байқаудың негізгі мақсаты – оқу, ғылым және қоғамдық қызмет салаларында жоғары нәтижелерге қол жеткізген дарынды әрі белсенді жастарды анықтау және қолдау. Сонымен қатар, студенттердің зияткерлік және шығармашылық әлеуетін дамытуға, көшбасшылық қасиеттерін қалыптастыруға және білімге деген қызығушылығын арттыруға бағытталған.

Бұл марапат – студенттің жетістіктері мен кәсіби және тұлғалық дамуға деген ұмтылысының айқын дәлелі.

Caspian University Аружанды лайықты марапатымен құттықтап, алдағы уақытта толағай табыстар, жаңа жетістіктер мен биік белестер тілейді!

Басқа мақалалар

РЕСМИ ХАБАРЛАМА

«CIS GLOBAL MEDICAL EDUCATION LLP» компаниясымен ынтымақтастықты тоқтату туралы Каспий қоғамдық университеті өтініш берушілерге, студенттерге, олардың ата-аналарына және басқа да мүдделі тараптарға Университеттің CIS GLOBAL

CASPIAN UNIVERSITY УНИВЕРСИТЕТІ ҚЫТАЙДЫҢ ГУЙЧЖОУ КӨЛІК КӘСІБИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ДЕЛЕГАЦИЯСЫН ҚАБЫЛДАДЫ

2026 жылғы 11 қарашада Caspian University-де Laihua Online (Wuhan) International Education Technology Co. Ltd. компаниясының қолдауымен Қытайдың Гуйчжоу көлік кәсіби университетінің делегациясымен кездесу өтті. Делегация

CASPIAN UNIVERSITY СТУДЕНТІ «ТҮРКІ ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ ҮЗДІК СТУДЕНТІ» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУДЫҢ ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫМЕН МАРАПАТТАЛДЫ

Caspian University Гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің «Мәдениаралық-коммуникативтік аударма» білім беру бағдарламасының 4-курс студенті Аманкелді Гүлсара Мұхтарқызы «Түркі халықтарының үздік студенті» атты халықаралық байқауға қатысып, Құрмет

CASPIAN UNIVERSITY ТАҒЫ ДА ҮЗДІКТЕР ҚАТАРЫНДА!

Caspian University Гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің «Мәдениаралық және коммуникативтік аударма» білім беру бағдарламасының 4-курс студенті Ыбрайым Аружан Талғатқызы «Үздік студент» республикалық байқауында II дәрежелі диплом