Template is not defined.

Мемлекеттік білім беру грантының бос орындарына конкурс жариялау туралы хабарландыру (өтініштерді қабылдау 2026 жылғы 23 шілдеге дейін)

Білім алушылардың назарына!

 Мемлекеттік білім беру грантының бос орындарына конкурс жарияланады.

Ақылы негізде білім алып жүрген студенттер тиісті білім беру бағдарламалары тобы бойынша конкурстық негізде бос мемлекеттік білім беру грантына ауысуға құқылы.

Оқу барысында босаған мемлекеттік білім беру грантының орнына келесі санаттағы студенттер үміткер бола алады:

  • ақылы негізде білім алушылар;
  • ішкі грант бойынша білім алушылар.

Конкурс аралық аттестаттау нәтижелері бойынша Grade Point Average (GPA) – орташа үлгерім балы негізінде өткізіледі және нәтижесінде куәлік беріледі.

Егер үміткерлердің GPA көрсеткіштері бірдей болған жағдайда, басымдық келесі тәртіппен беріледі:

  • тек A, A- («өте жақсы») бағалары бар білім алушыларға;
  • одан кейін A, A- («өте жақсы») мен B+, B, B-, C+ («жақсы») бағалары бар білім алушыларға;
  • кейін барлық оқу кезеңіндегі аралас бағалары бар білім алушыларға.

Жоғары білім алу процесінде босаған мемлекеттік білім беру гранттары жазғы және қысқы демалыс кезеңінде конкурстық негізде төмендегі тәртіп бойынша тағайындалады:

  • Каспий қоғамдық университетінің ректорының атына өтініш;
  • Оқудың барлық кезеңі бойынша транскрипт;
  • Жеке куәліктің көшірмесі.

Өтініштер 2026 жылғы 23 шілдеге дейін Студенттерге қызмет көрсету орталығы арқылы қабылданады.

Білім беру бағдарламалары топтары бойынша мемлекеттік білім беру грантының бос орындарының саны

Білім беру бағдарламаларының тобы. Саны (1 курс) Саны (2 курс) Саны (3 курс)
Оқудың толық мерзімі.

 

Қысқартылған оқу мерзімі Оқудың толық мерзімі.

 

Оқудың толық мерзімі.

 

1 В071 «Тау-кен ісі және пайдалы қазбаларды өндіру».   3 3 2
2 В073 «Сәулет» 1 1    

Басқа мақалалар

Мемлекеттік білім беру грантының бос орындарына конкурс жариялау туралы хабарландыру (өтініштерді қабылдау 2026 жылғы 23 шілдеге дейін)

Білім алушылардың назарына!  Мемлекеттік білім беру грантының бос орындарына конкурс жарияланады. Ақылы негізде білім алып жүрген студенттер тиісті білім беру бағдарламалары тобы бойынша конкурстық негізде

Университетте оқытушылар мен қызметкерлерге арналған Жазғы мектеп өз жұмысын аяқтады. Бағдарлама екі кезеңде өтті: бірінші кезең – 2026 жылғы 12–15 маусым, екінші кезең – 2026

«Әділет» ғылыми еңбектері» журналының жаңартылған сайты іске қосылды

Құрметті әріптестер мен университет қонақтары! Сіздерге университетіміздің ғылыми өміріндегі маңызды оқиға туралы зор қуанышпен хабарлаймыз. Caspian University жанындағы «Әділет» Жоғары құқық мектебінің жетекші рецензияланатын заң

Caspian University-де «Цифрлық және әлеуметтік сын-қатерлер дәуіріндегі жасанды интеллект және құқық» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Алматыда «Цифрлық және әлеуметтік сын-қатерлер дәуіріндегі жасанды интеллект және құқық» атты ғылыми-практикалық конференция өтті 2026 жылғы 1 маусымда Caspian University базасында «Цифрлық және әлеуметтік сын-қатерлер