Template is not defined.

Әлем зертханаларындағы ғылыми тағылымдама бағдарламасы – 2025

Академик Ш. Есенов атындағы ғылыми білім беру қоры бакалавриат, магистратура, интернатура студенттеріне және қызметтегі ғылыми қызметкерлерге әлемнің жетекші зертханаларында жазғы ғылыми тағылымдамадан өту үшін 10 грант ұсыну байқауын жариялайды.

 

ЕГЕР СЕН:

— Қазақстан Республикасының азаматы болсаң;

— Қазақстандық жоғары оқу орнының студенті немесе жұмыс істеп жатқан ғылыми қызметкер болсаң;

— Мамандығың – жаратылыстану-ғылыми немесе техникалық болса;

— Шетелдің жетекші университеттеріне PhD бағдарламасына түсуді армандасаң;

— Қазақстанда жұмыс істеуді және ғылымды дамытуды қаласаң.

 

Онда ГРАНТ ҰТЫП АЛЫП, 2025 ЖЫЛДЫҢ ЖАЗЫНДА ҒЫЛЫМИ ТАҒЫЛЫМДАМАҒА БАРУҒА МҮМКІНДІГІҢ БАР!

 

Ол үшін 2024 жылдың 7 қазаны мен 12 қарашасы аралығында қордың сайтында  https://yessenovfoundation.org/ru/ өтінім толтырып, келесі құжаттарды тапсыру қажет:

 

Міндетті құжаттар:

  • Жеке куәліктің скан көшірмесі;
  • «Мен жүзеге асырғым келетін зерттеу» тақырыбына эссе. Эссе мына сұрақтарға жауаптарды қамтуы тиіс:
  • қандай зерттеу тәжірибеңіз бар?
  • жүзеге асырғыңыз келетін зерттеуді қалай елестетесіз және оның жүзеге асуы үшін не істеуге болады?
  • Оқу семестрлерінің бағалары көрсетілген транскрипт;
  • Бакалавриат дипломы, бағаларымен (магистранттар мен ғылыми қызметкерлер үшін) немесе соңғы оқу орнынан алынған диплом (1 құжаттан артық емес);
  • Түйіндеме.

 

Қосымша құжаттар:

  • Ғылыми сертификаттар (3 құжаттан артық емес);
  • Әлеуметтік белсенділік пен еріктілік жұмысқа арналған сертификаттар (2 құжаттан артық емес);
  • Жарияланымдар (2 құжаттан артық емес);
  • Ғылыми жетекшіден, проректордан немесе университет ректорынан ұсыныс хат (1 құжаттан артық емес).

 

Бағдарлама әлемнің жетекші ғылыми зертханаларында тағылымдамадан өту үшін ұзақтығы 90 күнге дейінгі 10 грант ұсынады.

 

МҮМКІНДІКТІ ЖІБЕРІП АЛМА!

Басқа мақалалар

РЕСМИ ХАБАРЛАМА

«CIS GLOBAL MEDICAL EDUCATION LLP» компаниясымен ынтымақтастықты тоқтату туралы Каспий қоғамдық университеті өтініш берушілерге, студенттерге, олардың ата-аналарына және басқа да мүдделі тараптарға Университеттің CIS GLOBAL

CASPIAN UNIVERSITY УНИВЕРСИТЕТІ ҚЫТАЙДЫҢ ГУЙЧЖОУ КӨЛІК КӘСІБИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ДЕЛЕГАЦИЯСЫН ҚАБЫЛДАДЫ

2026 жылғы 11 қарашада Caspian University-де Laihua Online (Wuhan) International Education Technology Co. Ltd. компаниясының қолдауымен Қытайдың Гуйчжоу көлік кәсіби университетінің делегациясымен кездесу өтті. Делегация

CASPIAN UNIVERSITY СТУДЕНТІ «ТҮРКІ ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ ҮЗДІК СТУДЕНТІ» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУДЫҢ ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫМЕН МАРАПАТТАЛДЫ

Caspian University Гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің «Мәдениаралық-коммуникативтік аударма» білім беру бағдарламасының 4-курс студенті Аманкелді Гүлсара Мұхтарқызы «Түркі халықтарының үздік студенті» атты халықаралық байқауға қатысып, Құрмет

CASPIAN UNIVERSITY ТАҒЫ ДА ҮЗДІКТЕР ҚАТАРЫНДА!

Caspian University Гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің «Мәдениаралық және коммуникативтік аударма» білім беру бағдарламасының 4-курс студенті Ыбрайым Аружан Талғатқызы «Үздік студент» республикалық байқауында II дәрежелі диплом