Каспий қоғамдық университетінің «Әділет» Жоғары құқық мектебі Сізді «Жеке құқықтың өзекті мәселелері» атты жыл сайынғы Басин оқулары аясында студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысуға шақырады.
Конференция 2024 жылдың 19 сәуірде офлайн және онлайн форматында өтеді. Басталуы Алматы қ. уақыты бойынша сағат 10:00-да. Конференцияға сілтеме және кіру коды 2024 жылдың 15 сәуірден кейін қосымша жіберіледі.
Конференцияның жұмыс тілдері – қазақ, орыс, ағылшын. Қатысу нысаны – офлайн және сырттай (онлайн).
Конференция ұйымдастырушыларының мекен-жайы: Каспий қоғамдық университеті (Алматы қ., Достық даңғылы 85А).
Конференцияның өткізілу орны: Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Достық даңғылы 85А, Каспий қоғамдық университеті (үлкен акт залы, 3 қабат).
Қазақ тіліндегі ақпараттық хатқа сілтеме.
Орыс тіліндегі ақпараттық хатқа сілтеме.
Ағылшын тіліндегі ақпараттық хатқа сілтеме.
Құрметпен, Ұйымдастыру комитеті!

