Template is not defined.

Студенттерге қызмет көрсету орталығы

Caspian University Студенттерге қызмет көрсету орталығы (СҚКО) – бұл университет басшылығы мен студенттердің жаңа форматта тиімді байланысын қамтамасыз ететін, сондай-ақ кеңес беру, оқыту және білім беру қызметтерін ұсынатын ақпараттық-ресурстық орталық.

Студенттерге қызмет көрсету орталығының қызметі: 

  • Студенттерге академиялық мәселелерді шешуде қолдау көрсету;
  • Студенттерге білім алу процесінде көмек көрсету;
  • Жеке және кәсіби өсуді дамыту саласында кеңес беру қызметтерін көрсету;
  • Ақпараттық қамтамасыз ету, сонымен қатар студенттерді университет қабырғасындағы өзгерістер мен жаңалықтар туралы уақтылы хабардар ету;
  • Алынған ақпараттың сақталуын және құпиялылығын қамтамасыз ету;

Сапалы консультациялық қызметтерді көрсету мәселесі бойынша, атап айтқанда: құжаттарды қабылдау, оқудан шығару, ауыстыру, қалпына келтіру, академиялық демалыс беру, оқу үлгерімі туралы ақпарат), сондай-ақ оқу үдерісіне қатысты барлық мәселелер бойынша (атап айтқанда: сертификаттар беру, транскрипт), студенттер, магистранттар Студенттерге қызмет көрсету орталығына хабарласа алады.

ҚАЙ ЖЕРДЕ? Сейфуллина 521, 1 қабатГрафик работы:

дүйсенбіден жұмаға дейін 09:00-18:00

Үзіліс: 13:00-14:00

 

Оқу үдерісіне және сертификаттарды беруге қатысты сұрақтар бойынша бізге электрондық пошта арқылы хабарласыңыз: kou.87086689045@mail.ru

Телефон бойынша: 8 708 843 65 96

250 11 43 (ішкі нөмірі 228)

 

өтініш үлгілері

Білім алушылардың назарына!

2020/2021 оқу жылының жазғы емтихан сессиясының қорытындысы бойынша бос білім беру гранттарын тағайындау конкурсы жарияланады. Мынадай білім беру бағдарламалары бойынша бос білім беру гранттарын беру жөніндегі комиссияның қарауына құжаттарды қабылдау жүзеге асырылады (білім беру бағдарламалары бөлінісінде гранттар саны туралы ақпарат төменде қоса беріледі).

Босаған мемлекеттік білім беру гранттарына өтініштер қабылдау. Өтініштер 2021 жылдың 27 шілдесіне дейін студенттерге қызмет көрсету орталығы арқылы қабылданады 

Үміткерлерге қойылатын талаптар:

Ақылы бөлімнің студенттері мемлекеттік білім гранттарының бос орнына келесі критерийлер бойынша үміткер бола алады:

  • "В045 Аудит және салық салу" білім беру бағдарламаларының тобы бойынша – академиялық қарызы жоқ, GPA кемінде 3.5, а, а- ("өте жақсы"), В+, В, В- (жақсы) төмен емес бағалары бар.
  • "B057 Ақпараттық технологиялар" білім беру бағдарламаларының тобы бойынша, GPA кемінде 3.5, А, А - дан төмен емес бағалары бар ("өте жақсы")
  • Академиялық қарызы жоқ "В071 тау-кен ісі және пайдалы қазбаларды өндіру" білім беру бағдарламаларының тобы бойынша GPA кемінде 2,95 аралас бағалары бар.

Қажетті құжаттар:
1. Каспий қоғамдық университеті ректорының атына өтініш;
2. Транскрипт оқудың барлық кезеңі үшін;
3. Жеке куәліктің көшірмесі.

№ Білім беру бағдарламасының/ мамандығының коды және атауы Курс бос гранттар саны

Білім беру бағдарламасының/ мамандығының коды және атауыКурсБос гранттар саны
16B04111 – Есеп және аудит21
26B07252 – Тау-кен және мұнай-газ ісі22
36B06120 – Бағдарламалық инженерия21
Барлығы4



Консультация

Получить консультацию в Caspian University