ҚҰРМЕТТІ СТУДЕНТТЕР, ОҚЫТУШЫЛАР ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР!
Білім беру қызметтерінің жоғары сапасын растау, еңбек нарығының қажеттіліктерін білікті мамандармен қамтамасыз ету және білім беру стандарттарына сәйкестікті қамтамасыз ету мақсатында 2026 жылдың 20–21 сәуір күндері Каспий қоғамдық университетінде білім беру бағдарламаларын мамандандырылған аккредиттеу рәсімі өтеді.
Аккредиттеуді Білім сапасын қамтамасыздандыру бойынша тәуелсіз агенттігі (IQAA) жүргізеді.
Сыртқы сараптау комиссиясының (ССК) сапары аясында төмендегідей іс-шаралар жоспарланған:
- университет басшылығымен, құрылымдық бөлімше жетекшілерімен, оқытушылармен, білім алушылармен, түлектермен және жұмыс берушілермен кездесулер;
- студенттермен, магистранттармен және профессор-оқытушылар құрамымен сұхбаттар;
- білім беру бағдарламаларының оқу-әдістемелік және материалдық-техникалық базасын бағалау;
- тәжірибе базалары мен жатақханаларды аралау.
Осыған байланысты, оқытушылар мен білім алушыларды аккредиттеу рәсіміне белсенді қатысуға және сыртқы аудиттің сарапшылар тобы мүшелеріне қажетті ақпарат ұсыну барысында жан-жақты қолдау көрсетуге шақырамыз.
Әкімшілік


