Бакалавр деңгейі
Құжаттар 20 маусым мен 25 тамыз аралығында қабылданады
Шетелдік азаматтардың университетте оқуға дайындық деңгейін анықтау мақсатында сұхбаттасу жүргізіледі. Әңгімелесу нәтижелері бойынша талапкер студенттер қатарына ақылы негізде қабылданады. Университет оқуға шақыруды оқуға қабылданғаннан кейін ғана береді (оқу туралы бұйрық шыққаннан кейін)
Қажетті құжаттар тізімі
Паспорттың нотариалды куәландырылған көшірмелері – 2 дана.
(мемлекеттік немесе орыс тіліне аудармасымен. Қазақстан Республикасының аумағындағы аудармасы)
Білімі туралы құжаттың және оның қосымшасының түпнұсқасы және нотариалды куәландырылған көшірмелері
(білімі туралы құжаттың және оған қосымшаның мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасымен. Қазақстан Республикасының аумағындағы аудармасы) 2 дана.
Қазақстан Республикасындағы Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы тану/нострификациялау туралы куәлік (көшірме) немесе құжаттарды тану/нострификациялау үшін тапсырылғанын растайтын анықтаманың көшірмесі.
3х4 өлшемдегі 6 фотосурет
Медициналық анықтама F-075 (ағымдағы жылы, Қазақстан Республикасының аумағында өту)
флюорофото түпнұсқасы (ағымдағы жыл)
P.S. Мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аударманы куәландыруды Қазақстан Республикасының аумағындағы нотариус не құжат берілген елдегі Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі жүзеге асырады.
Білім туралы құжаттарды нострификациялау – басқа мемлекеттерде, халықаралық немесе шетелдік оқу орындарында (олардың филиалдарында) білім алған тұлғаларға берілген құжаттардың баламалылығын анықтау мақсатында жүзеге асырылатын рәсім.
Магистратура
Магистратураға құжаттарды қабылдау 3-25 шілде аралығында жүргізіледі
Магистратураға мамандықтың кестесіне сәйкес тиісті немесе сабақтас мамандықтар бойынша жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің кәсіптік білім беру бағдарламаларын бітірген шетел азаматтары қабылданады.
Мамандықтар арасында алшақтық болған жағдайда жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің негізгі бағдарламасы бойынша оқудың бірінші семестрінің соңына дейін оқытылуы тиіс студенттің жеке оқу жоспарына қосымша енгізілетін қажетті алғышарттар анықталады. Бұл шартты орындау мүмкін болмаған жағдайда магистратурада оқу мерзімі студенттің қаражаты есебінен ұлғайтылады.
Қажетті алғышарттардың тізбесін тиісті бөлім анықтайды.
Докторантура
Докторантураға құжаттарды қабылдау 3 шілде мен 25 тамыз аралығында жүргізіледі.
Докторантураға түсу үшін келесі халықаралық сертификаттардың біріне ие болу және ауызша емтихан тапсыру қажет:
Ағылшын тілі: Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm (TOEFL ITP –163 баллдан кем емес),
Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm Internet-based Test (TOEFL IBT –46 кем емес),
Test of English as a Foreign Language Paper-based testing (TOEFL PBT –453 кем емес),
Test of English as a Foreign Language Paper-delivered testing (TOEFL PDT – пороговый балл –65 кем емес),
International English Language Tests System –5.5 кем емес);
Неміс тілі: Deutsche Sprachpruеfung fuеr den Hochschulzugang (DSH, Niveau С1), TestDaF-Prufung (Niveau C1);
Француз тілі: Test de Franзais International™ (TFI – оқу және тыңдау бөлімдерінде В1 деңгейінен төмен емес), Diplome d’Etudes en Langue franзaise — (DELF level2,), Diplome Approfondi de Langue franзaise — (DALF, C1 деңгейі), Test de connaissance du franзais TCF – 400 баллдан кем емес).
Сұхбаттасу университетте 15-20 тамыз аралығында арнайы емтихан комиссиясы өткізеді.
Университетке түсу үшін қажетті құжаттар:
Caspian University магистратура немесе докторантурасына түсуге ниет білдірген шетелдік студенттер Қазақстанға келгеннен кейін өтініш формасын толтырып, келесі құжаттарды қоса беруі қажет:
* бакалавриат бағдарламасын аяқтағаны туралы өтініші бар диплом (түпнұсқа) және Қазақстан Республикасының аумағында нотариус куәландырған көшірмелері;
* 3х4см 6 фотосурет;
* 075-У нысанындағы медициналық анықтама (міндетті түрде флюорография және СПИД-тің жоқтығы туралы анықтама);
* шет тілін меңгеру деңгейін растайтын сертификат (бар болса);
* Қазақстан Республикасының аумағындағы нотариус куәландырған жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
* Халыққа қызмет көрсету орталығынан құжаттарды нострификациялауға тапсырылғаны туралы анықтама
Дипломды нострификациялау тәртібі:
Өтінішті және қажетті құжаттарды беру, сондай-ақ құжаттарды тану/нострификациялау туралы куәліктерді беру мыналар арқылы жүзеге асырылады:
- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығы» РМК;
- «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (Халыққа қызмет көрсету орталығы).
Нострификацияны алдын ала жоспарлау қажет, себебі өтінішті қарау және анықтаманы беру мерзімі 4 айды құрайды. Сонымен қатар, қажетті құжаттардың біреуі жоқ болса, сізге жазбаша түрде бас тартылуы мүмкін. Кейбір жағдайларда процедура ұзағырақ болуы мүмкін:
- Білімі туралы құжатты (дипломды) берген шетелдік ұйым құжаттың түпнұсқалығын растайтын жауап алмаған жағдайда;
- Құжат Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес келмесе және тұлға тестілеуден өту қажет болса.
- Жоғарыда аталған барлық жағдайларда нострификация процесі қажетті шарттар орындалғанға дейін бір айға ұзартылады.