Éric de Rothschild 2017 жылы Caspian University құрметті профессоры болды.
*Бүгінгі таңда ол тек екі университеттің құрметті профессоры болып табылады: Иерусалим және – қазір – Каспий.
Осы оқиғаға орай Caspian University «Nurbank» АҚ-мен бірлесіп, оның атындағы стипендия тағайындады, ол бұдан былай жыл сайын «қаржы» және «Есеп және аудит»мамандықтарының үздік студенттеріне беріледі.
Стипендия алу шарттары:
«Қаржы» және «Есеп және аудит»мамандығы бойынша білім алатын Caspian University студенті болу;
Студенттің GPA (орташа балл) деңгейі 3.5-тен жоғары болуы керек;
Университеттің қоғамдық өміріне белсенді қатысу, атап айтқанда: ғылыми конференцияларға, конкурстарға, олимпиадаларға қатысу, мамандық бойынша ғылыми мақалаларды жариялауға дайындау.
Университеттің имиджін көтеретін және халықаралық ынтымақтастыққа ықпал ететін жобаларға белсенді қатысу.
Студент ағылшын тілін білетіндігін, білім деңгейін – «Upper-Intermediate»растауы тиіс.
Бұл стипендия Caspian University бес студентіне берілді, олар өз оқуларын өте жақсы аяқтап, әрі қарай біздің жоо-ға магистратураға түсті.
Барон Éric de Rothschild стипендиясының иегерлері:
- Отаниёзова Интизор
- Муртазаева Балжан
- Айдархан Акжан
- Абдуллаева Сяльви
- Ахат Мадина