көрнекі сот процесі

2018 жылдың 28 қарашасында Алматы қаласының Бостандық аудандық сотының ғимаратында Каспий қоғамдық университеті Әділет» Жоғары құқық мектебінің қазақ бөлімінің 3-курс студенттерінің ассоц профессор, з.ғ.к., доцент Эльмира Оразғалиқызы Дуйсенованың жетекшілігімен мемлекеттік тілде іскерлік ойыны (көрнекі сот процесі) өткізілді.

Аталған көрнекі сот процесі Бостандық аудандық соты мен Каспий қоғамдық университеті арасында жасалған Ынтымақтастық туралы меморандум аясында Бостандық аудандық сотында екінші мәрте ұйымдастырылып отыр, алғаш рет былтыр «Әділет» Жоғары құқық мектебінің қазақ бөлімінің 2,3- курс студенттері Э.О. Дуйсенованың жетекшілігімен өткізген болатын.

Іскерлік ойын ортақтасқан міндеттеме негізінде бос жұмыссыз жүрген күндері үшін ақы төлеу, мемлекеттен алатын жыл сайын әр айдың басында жәрдемақы өндіру, денсаулықтың бұзылуынан келтірілген зиянды және моральдық шығынды өтеу туралы азаматтық іске арналды. Процеске қатысушылар рөлдері келесідей бөлінді: судья – Жүніс Рауан, сот отырысының хатшысы – Әбдіманап Алтынай, талапкер – Амантай Досым,         талапкер өкілі – Қабділда Ернар, жауапкер – Маймышев Азат, жауапкерлер     өкілдері – Шайхы Қайрат, Құттыбай Дидар, мамандар – Алғалиев Дидар, Рустемова Анара, куәлер – Алишеров Абылай, Агимбай Мөлдір, Дәлубай Нүркен. Студенттер іскерлік ойынды Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінде белгіленген сот талқылауын жүргізу тәртібіне сәйкес өткізді.

Іскерлік ойынды жүргізудегі мақсат – студенттердің «Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу құқығы» пәні бойынша университет қабырғасында алған білімдерін сот тәжірибесінде қолдана білуге дағдылану, кәсіби дайындығының деңгейін көтеру.

Көрнекі сот процесінде көрермендер қатарында болған Алматы қаласы Бостандық аудандық сотының төрағасы А.Б. Баянов, судья Г.Т. Талапова процесс аяқталған соң сөйлеген өз сөздерінде студенттерді құттықтап, атқарған жұмыстарына алғыстарын білдірді, өздерінің ақыл-кеңестерін, тілектерін айтты.

Другие статьи

«КАСПИЙСКАЯ МЕЖДУНАРОДНАЯ ШКОЛА МЕДИЦИНЫ» ОБЪЯВЛЯЕТ ПРИЕМ НА ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫЕ ПРОГРАММЫ ПОСЛЕВУЗОВСКОГО ОБРАЗОВАНИЯ:

https://www.youtube.com/watch?v=-ToXaCwxYc8 Образовательная программа магистратуры 7M1010 – «Медицина» научно-педагогического направления готовит магистров медицинских наук,  способных  организовывать и проводить научные исследования в медицине, востребованные в международном сообществе.

Конкурс на замещение вакантных должностей профессорско-преподавательского состава на 2024-2025 учебный год:

ОП «Юриспруденция»: академический профессор – 2 ед., ассоциированный профессор – 3 ед. по направлению «Экономика, менеджмент, маркетинг, государственная служба и управление»: академический профессор – 2

ОБЛАДАТЕЛИ БОЛЬШОЙ ХРУСТАЛЬНОЙ «СОВЫ»

Вице-министр юстиции Бекболат Молдабеков наградил студентов Высшей школы права "Әділет" Caspian University, победителей XI Международного конкурса по международному коммерческому арбитражу, вручив им благодарственные письма. Бекболат

Консультация

Получить консультацию в Caspian University