«Заманауи оқытушы: цифрлық дағдылар, педагогикалық шеберлік және ғылыми бедел» тақырыбындағы Caspian Summer School 2025

2025 жылғы 27 мамыр мен 3 маусым аралығында Caspian University базасында «Заманауи оқытушы: цифрлық дағдылар, педагогикалық шеберлік және ғылыми бедел» тақырыбындағы Caspian Summer School 2025 атты жазғы ғылыми мектеп сәтті өтті.

Бір апта бойы инженерия, медицина, заң, экономика, гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар салаларындағы 80-нен астам оқытушы заманауи педагогтің құзыреттерін дамытуға бағытталған үш негізгі модуль аясында қарқынды оқудан өтті.

1-модуль. Цифрлық және әдістемелік трансформация
Оқыту курсын EdTech саласының маманы, Мәскеу қаласындағы Жоғары экономика мектебінің оқытушысы Александр Рейнгардт жүргізді. Қатысушылар Kahoot, Padlet, Miro, Google Classroom секілді цифрлық білім беру құралдарын меңгеріп, шағын курстар құрып, аралас форматтағы сабақтарды жобалауды үйренді. Модульдің басты мақсаты – цифрлық шешімдерді оқу үдерісіне тиімді енгізу.

2-модуль. Болашақ оқытушы: жеке бренд және soft skills
Сессияны PhD, MBA дәрежесінің иегері, адамға бағытталған білім беру саласының зерттеушісі және сертификатталған фасилитатор Жадыра Киізбаева өткізді. Бірінші күні қатысушылар өз бейнесін талдап, мінсіз оқытушы моделін қалыптастырды, ал екінші күні Алмарасан шатқалында көшбасшылық, коммуникация және эмоциялық интеллект бойынша тимбилдинг-сессия өтті. Күннің соңында қатысушылар дастархандас болып, ән мен биге толы жылы атмосферада қарым-қатынасты нығайтты.

3-модуль. Ғылым, жарияланымдар және академиялық бедел
Практикалық шеберлік сабақтарын қауымдастырылған профессор Заира Сатпаева жүргізді. Қатысушылар ғылыми мақалаларды дайындау және ілгерілету, Scopus, ORCID, Google Scholar платформаларымен жұмыс, ғылыми гранттар алу және халықаралық академиялық бедел қалыптастыру тақырыптарына терең бойлады.

? Caspian Summer School 2025 кәсіби даму, тәжірибе алмасу және корпоративтік академиялық мәдениетті нығайтудың шынайы алаңына айналды.
? Бағдарлама қорытындысы бойынша қатысушыларға сертификаттар мен жаңа тәжірибелерді оқу процесіне енгізуге арналған жол картасы табысталды.

Caspian University барлық спикерлер мен қатысушыларға жоғары белсенділік, кәсібилік және дамуға деген ұмтылыстары үшін алғыс білдіреді.

Другие статьи

  11.10.2025ж. «Клиникалық психология» білім беру бағдарламасының 1 курстағы КП 25-1қ, КП 25-2р, КП 25-3р тобының студенттері С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медициналық университетінің, «Қалыпты анатомия» кафедрасының анатомиялық мұражайына барды.

  14.10.25 студенты 4 курса DMK 22-2р, в рамках дисциплины «Создание стартапов », смогли воочию посетить большой холдинг “Freedom”. В рамках экскурсии студенты посетили офис

Caspian University запустил масштабный культурно-просветительский челлендж, посвящённый 180-летию Абая Кунанбаева

1 октября 2025 года студенты группы МКП-25-2р под руководством кандидата педагогических наук Жибек Абдибековны Ногайбаевой дали старт уникальному челленджу, посвящённому наследию великого казахского поэта и

Консультация

Получить консультацию в Caspian University