LawLess – алдыда тек жетістік

Би клубы 2015  жылдың 10 қыркүйегінде құрылды. Команда бастапқыда «Blackfive» деп атады. Уақыт өте келе клубқа келушілер көбейіп, бұл атау  сай келмеді. Жаңа атауы – «Lawless». Ағылшын тілінен «бас имейтіндер» деген мағына береді. Қазіргі таңда  студенттер өздерінің би билеу қабілетін дамытуға, университетте ғана емес, сонымен бірге қалалық батлдар жасауға мүмкіндік алады.

Lawless хореографиялық білімі жоқ, бірақ би билеуге икемі мен құштарлығы бар бишілер жиналды. Біздің клуб мүшелері би бағыттарының барлық түрлерін үйренуге тырысады. Хип-хоп, заманауи хореография, MTV style, vogue, локинг және т.б. Әлемдік бишілердің және әртүрлі командалардың қойылымдарын зерделеу арқылы тәжірибе жинақтап, әртүрлі шараларда біздің деңгейімізді көрсетеміз. Көбінесе ең қызықты көріністер батлда  болады. Батл – бұл импровизацияны қолданатын екі немесе одан да көп бишілер арасында бәсекелестік. Әрбір адам айналдыра алмайды және олардың талантын биге көрсете алмайды.

Кез келген іс-шарада «Lawless» сахнаның сәнің келтіреді . Біреулер билеу оңай деп ойлайды және аса күшті талап етпейді.Қарапайым жаттығудың өзінде бишілер бар күш-жігерін салып дайындалады. Хореографияны орындағаннан гөрі, би билеу әлдеқайда қиын. Сондықтан көшбасшылар – ең үздікбишілер. Lawless- кішкентай отбасы, онда ұрпақ бар.

«Lawless»