Caspian University  Қамқоршылар кеңесі

Қамқоршылар кеңесі университеттің жоғарғы басқару органы болып табылады. Білім беру үрдісінде Қамқоршылық кеңесі  қоғамдық консультативтік орган болып табылады және университеттің болашақ дамуына қатысты мәселелерді шешуге қатысады.

Қамқоршылар Кеңесінің міндеттері:

  • Университеттің стратегиясын және даму бағдарламаларын халықаралық деңгейдегі білім беру, ғылыми және мәдени орталық ретінде қалыптастыруға жәрдемдесу;
  • білім беру процесіне қатысушылардың құқықтарының сақталуына қоғамдық бақылауды қамтамасыз ету;
  • Университеттің халықаралық ғылыми, техникалық және мәдени ынтымақтастықты дамытуға жәрдемдесу.

Каспий университетінің қамқоршылар кеңесінің құрамы

  1. Сарсенов Рашит Темірболатұлы – төраға, «BSB» корпорациясының президенті;
  2. Аппарин Сергей Игоревич – «Жаңа ұрпақ» газетінің бас редакторы;
  3. Ержанова Раушан Зейнуллақызы – «Нұрбанк» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы;
  4. Кремер Эдуард Львович – ЖШС «KSP Steel»  директоры;
  5. Қрымкулов Сағын Еркасұлы – «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ бас директоры;
  6.  Рогов Игорь Иванович  – заң ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының атқарушы директорының орынбасары;
  7. Сосковец Олег Николаевич – Ресей тауарөндірушілер одағының президенті.