Caspian University – көпсалалы университет.Білім беру қызметтері нарығында жоғарғы және орта білімнен кейінгі, бакалавриат және магистратура бағдарламалары бойынша білім беретін жоғары оқу орны. Caspian University  1992 жылы құрылған Қазақстандық экономика және құқық институтының (KIEP) мұрагері. Оқу орнын құрылған күннен бастап экономика ғылымдарының докторы академик Эльбисинов С.Х басқарды. Алғашқы студенттер 1994 жылы қабылданды. Осы уақыттан бері университетті әр түрлі  салаларда табысты жұмыс істейтін мамандар бітірді.

2003 жылы институтқа «Университет» мәртебесі берілді, кейінірек атауы “Каспий қоғамдық университеті” болып өзгертілді. 2005 жылы  ректор болып  Алимов Сергей Владимирович тағайындалды.

Жаңа ректордың келуінен кейін университет әріптестік қарым-қатынастарын кеңейтті және 2007 жылы еліміздегі үздік  «Әділет» Жоғары заң мектебімен қосылды. Осындай одақтың шарттарының бірі «Жоғары заң мектебінің» «Әділет» тарихи атауын сақтау болды. Бұл оқиға университеттің дамуына жаңа серпін берді.

2013 жылы университеттің ректоры қайта сайланды, бұл лауазымға Нүсенов Жолдасбек Мүсілімұлы тағайындалды. Жаңа ректордың келуімен, «Парасат» көпсалалы университетін Каспий қоғамдық университетіне біріктіру туралы шешім қабылданды.

Университетте жаңа ректордың басшылығымен болған негізгі оқиғалардың бірі университет ребрендингі болды. Каспий мемлекеттік университеті Caspian University ретінде танылды. Жаңа атау  университет дәрежесін халықаралық деңгейде көтерді.

Бұл оқиға университеттің даму стратегиясына әсер етті, оған сәйкес жақын арада Caspian University әлемдік деңгейде мойындалады.