Caspian Sport Life

Caspian sport life – бәрі клубтың атында өте айқындалып тұр. Осы ұйымның белсенділері тәлімгерлері – Жанәбеков Әлішер Сейтқанұлымен бірге – университеттер арасында түрлі турнирлер өткізіп отырады. Осындай іс-шараларды ұйымдастыру  арқасында студенттер физикалық түрде ғана емес, сонымен бірге ой-өрістерін дамытады.  Сондай-ақ, командалық, коммуникативтік дағдыларды дамытады, олар  әрқашан өмірде керек болады. Бұл сабақтан  тыс спорт саласында даму керек екенін көрсететін клубтардың бірі. Өзіңіздің идеяларыңыз болуы  және іс-шараларды ұйымдастыруды үйрену керек. Бұл жеке тұлғаны және тәртіпті дамытады. Клубта үш негізгі ереже бар: құрмет, тәртіп, өзара көмек. Қатысушылар санына қарамастан олардың әрқайсысы осы ережелерге бағынады. Қазіргі уақытта клубтың 48 мүшесі бар.

Caspian University-де бұл клуб 2015 жылдың қыркүйегінде жұмысқа кірісті. Бұл клубтың тәлімгері осы салада үлкен тәжірибеге ие. Клубты құру  идеясы 2012 жылы AlmaU (бұрынғы MBA) университетінде туылды. Уақыт өте келе клуб Тұран, Caspian University-не келді. Кез келген студенттік ұйым басқа университеттермен  тығыз байланысымен немесе жақсы қарым-қатынасымен мақтана алмайды. Caspian sport life – басқа университеттермен бірге үлкен команда құрамына кіріп, «Sport life» атты спорттық ұйым құрды. Бұл клубтың айрықша ерекшелігі – біздің университетімізде әрбір қатысушының өзінің лақап аты бар. Қарапайым («Ямочка») бастап, ерекше («Neo») секілді лақап аттарға ие. Бұл кез-келген спорттың аңызы сияқты. Ұлы жеңістен кейін, комментатордың күтпеген салыстыру немесе ойын кезінде апат болған кезде, спортшы лақап атқа ие болады.

Caspian University-нің басты міндеті – студенттер арасында спортты белсенді дамыту. Sport Life барлық іс-шараларды   әр қатысушының көмегімен, бірлесіп ұйымдастырады, бұл клубта достық атмосфераның болуын растайды. Әрбір іс-шараға үлкен жауапкершілікпен қарайды, сабаққа немесе басқа жеке жұмыстарға қарамастан  жұмыстарын тиянақты жасайды.

 

Sport Life– бұл тек клуб емес, Sport Life – бұл  үлкен отбасы!