1 кезең. Өтініш құжаттарын 7 шілдеге дейін тапсыру
- Шығармашылық емтиханға өтініш;
- КТ бойынша Мемлекеттік алымдар төлегені туралы түбіртек(2242 теңге) реквизиттер бойынша
- 3×4 фотосурет – 8 дана;
- Жеке куәліктің көшірмесі;
- Орта білім туралы аттестат / орта арнайы немесе жоғары білім туралы дипломмен (көшірмесі және түпнұсқасы);
- Денсаулық паспорты немесе 063 медициналық анықтама;
- 086-У медициналық анықтамалығы;
- Тіркеу куәлігі;
2 кезең. Шығармашылық емтихан
Тапсырманы алу.
КТ-ге рұқсаттаманы алу
3 кезең. КТ-ге қатысу
4 кезең. КТ нәтижесі + шығармашылық емтиханның нәтижелері
Емтихан хаттамасы, шығармашылық жұмыс, сондай-ақ КT көрсеткіштері.
Процедура туралы:
Шығармашылық мамандықтарға түсушілер таңдаған университеттерінің қабылдау комиссиясымен өткізілетін арнайы (шығармашылық) емтихандардан өтеді.
Шығармашылық мамандықтарға үміткерлер бір шығармашылық мамандықты көрсетеді. Шығармашылық мамандыққа түскені туралы өтініш университеттің орналасқан жерінде қабылданады.
Маңызды күндер:
Шығармашылық мамандықтарға арналған өтініштерді қабылдау 20 маусым мен 7 шілде аралығында өтеді. Арнайы шығармашылық емтихандар 8-13 шілде аралығында өткізіледі.
Бағалау:
Бір сызба бойынша ең көп ұпай саны – 40. Шығармашылық емтихан (сурет) 30 баллдық шкала бойынша бағаланады. Екі емтиханды тапсырғаннан кейін максималды балл – 70. Арнайы (шығармашылық) емтихандар саны – екі. Шығармашылық мамандықтарға түсетін азаматтар үшін ҰБТ (немесе интеграцияланған тестілеудің) екі пәнінде: қазақ немесе орыс тілдерінде, Қазақстан тарихы және екі шығармашылық емтиханда ескеріледі.
Шектеулер:
Арнайы (шығармашылық) емтихан бойынша 10 баллдан кем алған немесе оларға қатыспаған үміткерлерге осы мамандық бойынша қабылдау үшін кешенді тестілеуден өтуге жол берілмейді. Арнайы (шығармашылық) емтиханды қайта тапсыруға жол берілмейді.