Геология, мұнай -газ ісі және IT  институтының студенттері  Уфа мемлекеттік мұнай техникалық университетінде

Каспий қоғамдық университеті және Уфа мемлекеттік мұнай техникалық университеті (Башкортостан) арасындағы серіктестіктің нәтіжесінде  университетіміздің  үш студенті Бекмұратов Серік, Назенғали Ақансері және  Хайруллаев Отабек академиялық  ұтқырлық бағдарламасы аясында «5В070800-Мұнай-газ ісі» мамандығы бойынша семестрлік оқуға жіберілді.

Студенттер өздерінің кәсіби көкжиектерін кеңейтуге, жаңа достар табуға, үлкен әсер алуға, сондай-ақ болашақ мамандықтарында бәсекеге қабілеттілігін арттыруға себеп болатын мүмкіндіктер мен құнды тәжірибелердің болуына  өте қуанышты.

Студенттерге сәттілік, шабыт, жарқын әсерлер мен қызықты оқиғалар тілейміз!