5В050300-Психология”

“Психология” мамандығы бойынша Бакалавриат түлегі диагностикалық және түзету, сараптамалық және консультативтік, ғылыми-зерттеу, оқу-тәрбие қызметін барлық меншік нысандары мен қызмет салаларын жүзеге асырады.

Академиялық дәрежесі: “Психология” мамандығы бойынша гуманитарлық ғылымдар бакалавры

Таңдау бойынша пәндерЕНТ/КТ:

Биология + География

КТ пәндері (ұқсас мамандық бойынша түсушілер үшін):

Қазақстан тарихы + психология негіздері

Оқу түрі: күндізгі, қашықтықтан

Оқу мерзімі:

4 жыл орта білімнен кейін (күндізгі)

3 жыл орта кәсіби (күндізгі, қашықтықтан)

2 жыл жоғары (қашықтықтан))

“Психология” мамандығы – кәсіби білім мен дағдыларды меңгеруді ғана емес, сонымен қатар жеке тұлғалық дамуды көздейтін ерекше мамандық.

Біздің факультеттің ерекшелігі – оқытудың практикаға бағытталуы болып табылады, оның аясында студенттер іргелі психологиялық дайындықтан басқа, психодиагностиканың кәсіби дағдыларын, психологиялық кеңес беру, оқытушы-практик психологтардың басшылығымен тренингтік бағдарламаларды әзірлеу және жүргізу мүмкіндігіне ие.

Ұйымдастыру психологиясының бағыты “коучинг”, “адам ресурстарын басқару”, “персоналды іріктеу бойынша практикум” пәндерін қамтиды, бұл біздің студенттерге консалтинг және персоналды басқару саласында білім мен дағдыларды алуға мүмкіндік береді, олар өз кезегінде қазіргі еңбек нарығында сұранысқа ие.

Факультетте ғылыми-зерттеу жұмыстарына көп көңіл бөлінеді. Студенттер республикалық және халықаралық конференцияларда сөз сөйлеуге, психология бойынша жинақтар мен журналдардың студенттік жұмыс секторларында өз мақалаларын жариялауға мүмкіндігі бар.

“Caspian SOUL” психологиялық орталығы біздің студенттер үшін тәжірибелік база, сондай-ақ кәсіби психологиялық кеңес алуға болатын орталық болып табылады.

Біздің факультеттің міндеті-оқытушылар мен студенттердің ынтымақтастығы арқасында болып жатқан кәсіби және жеке даму. Кәсіпқойлықты, жеке жауапкершілікті, шығармашылық тәсілді дамыту біздің түлектерге қазіргі әлемде бәсекеге қабілетті және табысты тұлға болуға мүмкіндік береді.