1-этап. Мамандығыңызды нақты таңдап алыңыз.

Егер грант сізге өте маңызды болса, онда өткен жылы гранттарды бөлудің нәтижелерін жүктеп алыңыз және таңдау пәніңізге сәйкес келетін мамандықтарды таңдап, грант бойынша ең төменгі баллды анықтап алыңыз.

Содан кейін,  ішінен төртеуін таңдап алыңыз, оларды сауалнамаға жазатын боласыз. Таңдау кезінде таңдаған пәніңізге сәйкес келетініне  ерекше назар аударыңыз, белгілі бір мамандық бойынша қанша грант бөлінгеніне назар аударыңыз.

2-кезең. Университетті анықтаңыз.

Егер сіз 4 мамандық бойынша шешім қабылдасаңыз, онда қандай жоғары орындарында  бұл мамандықтар бар екенін анықтауыңыз керек. Жоғары оқу орындарына бару, қабылдау комиссияларына барып көріңіз. Осы мамандықтарда оқып жатқан студенттермен сөйлесіңіз, сұраңыз. Бұл университетте мемлекеттік гранттар бар ма? Өзіңізді тыңдаңыз – сіз осы университетте оқи аласыз ба? Егер бәрі сізге сәйкес келсе, грантқа  өтінішті дұрыстап  беру маңызды екенін ұмытпаңыз.

3 кезең. Өтінішті толтыру

Өтініш гранттарға төрт түрлі мамандықтар бойынша, төрт түрлі жоғары оқу орындарында немесе біреуінде беріледі. Өтініш нысаны ҰБТ пішініне ұқсайды – шеңберлермен қызғылт парақ.

МАҢЫЗДЫ! Мамандық кодтарын, университет кодын мұқият толтырыңыз. Бір әріптен қате кеткен жағдайда, сізді басқа оқу орнына, басқа мамандыққа жібереді немесе сізді гранттан айырады.

Сондықтан алдын-ала мамандықтардың кодтарын жазып алыңыз (көбінесе бұл университеттер), кодтар жазылған құжаттар бар, бірақ қобалжудың нәтижесінде, мұның бәрін біліп алу немесе есте сақтап қалу оңай болмауы  және қателесу мүмкіндігі жоғары болуы мүмкін.

 Грантты алу мүмкіндігі Университетті таңдауыңызға байланысты болмайды. Олар сіздің ҰБТ нәтижелеріңізге, қызыл сертификаттың / Алтын белгінің болуы, сондай-ақ халықаралық жарыстарға қатысу сияқты критерийлеріңізге қарайды.

Соңында …

Егер сіз грантқа іліккен болсаңыз, онда сізді құттықтауға рұқсат етіңіз. Алайда, оны жоғалтып алу мүмкін екенін  ұмытпаңыз. Қанағаттанарлық жағдайда оқитын болсаңыз, стипендиядан айырыласыз,  ал қанағаттанарлықсыз оқитын болсаңыз, сіз гранттан айырыласыз.