2017 жылы Эрик де Ротшильд Caspian University құрметті профессоры болды.
* Назар аударыңыз, бүгінде ол тек екі университетте құрметті профессоры: Иерусалим және қазір Caspian University.
Осы шараның құрметіне Caspian University «Нұрбанк» АҚ-мен бірге «Қаржы» және «Есеп және аудит» мамандықтарының үздік студенттеріне жыл сайынғы стипендия тағайындады.
Шәкіртақыға қойылатын талаптар:
- «Қаржы» және «Есеп және аудит» мамандықтары бойынша Caspian University студенті болу;
- Студенттің орташа баллы (GPA) 3,5-тен жоғары болуы тиіс;
- Университеттің қоғамдық өміріне белсене қатысу, ғылыми конференцияларға, конкурстарға қатысу, ғылыми мақалаларды жариялау;
- Университеттің имиджін нығайтатын және халықаралық ынтымақтастықты дамытуға бағытталған жобаларға белсенді қатысу.
- Студент ағылшын тілі деңгейін – «Жоғары-Орташа» екенін растауы керек.
Бұл стипендия Caspian University бес студентіне берілді, ол өздерінің оқуын жақсы аяқтап, біздің университеттегі магистратураға түседі.
Барон Эрик де Ротшильд атындағы стипендия иегерлері:
Отаниязова Индиор
Мұртазаева Балжан
Айдархан Ақжан
Абдуллаева Сильви
Ахат Мадина