2014 жылы Нұрбанк Caspian University – мен бірге бірлесіп, «Болашаққа жолдама» республикалық масштабтағы әлеуметтік бағдарламаны іске қосты. Бағдарлама аясында банк оқу ақысын, ай сайынғы стипендияларды, жол жүру билеттерін, Алматы қаласындағы тамақтану мен тұруды төледі. Сондай-ақ, бағдарламаға түсетін студенттер болашақта банктің көптеген аймақтық бөлімшелерінде жұмыс жасай алады. «Нұрбанк» АҚ Басқарма төрағасы Эльдар Сарсенов – «Болашаққа жолдама» әлеуметтік бағдарламасының идеялық шабыттандырушысы.

«Біз қайырымдылық туралы қатты дауыстап айтпауға тырысамыз. Өйткені, жақсы істер артық сөзсіз  жасалу керек. Бүгінде біз мақтану үшін емес, бізді балалар үйлері, жасөспірімдер үйлері, қорғаншылар және жетім балаларды тәрбиелеп, балаларға жоғары білім бере алмайтындар естуі  үшін айтамыз. – деп мәлімдеді «Нұрбанк» АҚ басқарма төрағасы Эльдар Сарсенов. «Біз ұзақ уақыт бойы балалар үйлерімен тығыз қарым-қатынаста болдық және жетім балаларға жоғары білім алудың жетіспеушілігін көрдік. Осылайша, ата-анасы жоқ адамдарға көмек көрсету және оларды ұйымдастыру мақсатымен «Болашаққа жолдама» жобасы жасалды. Біз жобаға қатысушыларға өте жақынбыз және оларды біздің балаларымыз деп санаймыз. Біз бәріміз шынайы отбасындаймыз. Оқу барысында бірнеше қыз үйленіп, тіпті аналарға айналды. Бірақ бұған қарамастан олар біздің балаларымыз. Әрине, кез-келген отбасындағыдай қиын кезеңдер де бар. Біз балаларды қиын кезеңдерде қолдап отыруымыз керек, ал кейде білім беру ең бастысы емес деп ойлаған кезде айтарлықтай сөйлесуге тура келеді », – деп жалғастырды Е.Сарсенов.
Бүгінгі күні балалар үйінің 27 түлегі бағдарламаға қатысуда, үшеуі жоғары білім туралы дипломды қорғап шықты.
Оралбаева Мадина, 2-курс студенті, «Болашаққа жолдама» бағдарламасының қатысушы: «Мен Орал қаласында тудым. Мен осы бағдарлама туралы мұғалімнен білдім, қызықтым және көбірек білуді шештім. Caspian University сайтында қызықтырған ақпараттарды таптым, қажетті құжаттарды тапсыру қажеттігін түсіндім. Байқау эссе мен IQ-тесттен тұрды. Міне, осылайша мен қазіргі уақытта 2 курс студентімін.  Нұрбанк және Caspian University- ге  армандар мен мақсаттарымды іске асыруға мүмкіндік бергеніне үлкен рахмет.  ».
Джумагалиева Венера, 4 курс студенті, «Болашаққа жолдама» бағдарламасының қатысушысы: «Нұрбанкке жоғары білім алу мүмкіндігі үшін алғыс айтамын. Қазір психология мамандығында,  3 курста оқып жүрмін, бұл мамандық өмірімді түсінуге және жарқын болашағымды жоспарлауға көмектесті, арманым шындыққа айналды. «Болашаққа жолдама» жобасының арқасында бақытты өмір сүретініме күмәнім жоқ. Мен сондай-ақ Эльдар Рашитұлына ризашылығымды білдіремін. 
«Нұрбанк» АҚ ұсынған жоба – бұл жақсы нәрсе. Сіз бұл мәселеге формальды түрде жүгіне аласыз – қаражат бөлуге болады, бірақ банк бірнеше жылдан бері студенттермен жұмыс істеп келеді, оларға көмектеседі. Және бұл ерікті. », – деді Caspian University ректоры Жолдасбек Мүслімұлы Нүсенов.
https://www.youtube.com/watch?v=_TEH3jO9Jvo
https://www.youtube.com/watch?v=SxhKHHhYEic
https://www.youtube.com/watch?v=FIGswZSvW78