5В070400 – Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету”

“Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету” мамандығының бакалавры кәсіпорындарда машина жасау, көлік, телекоммуникация, ғылым және білім беру, денсаулық сақтау, экономика, бизнес сияқты салаларда есептеу техникасы мен бағдарламалық қамтамасыз етуді енгізетін және қолданатын кәсіпорындарда қызмет атқарады.

Академиялық дәрежесі: “Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету” мамандығы бойынша техника және технология бакалавры

Таңдау бойынша пәндер  ҰБТ/КТ:

Математика + Физика

КТ пәндері (ұқсас мамандық бойынша түсушілер үшін):

Математика+ Алгоритмдеу және бағдарламалау негіздері

Оқу түрі: күндізгі, қашықтықтан

Оқу мерзімі:

4 жыл орта білімнен кейін (күндізгі)

3 жыл орта кәсіби (күндізгі, қашықтықтан)

2 жыл жоғары (қашықтықтан))

Oсы білім беру бағдарламасы түлектерінің кәсіби қызмет саласы әртүрлі мақсаттағы ақпараттық-есептеу жүйелері үшін бағдарламалық қамтамасыз етудің индустриалды өндірісі болып табылады.

Осы білім беру бағдарламасын бітірушілердің кәсіби қызметінің объектілері болып табылады:

– бағдарламалық жоба (бағдарламалық өнімді әзірлеу жобасы);

– бағдарламалық өнім (жасалатын бағдарламалық қамтамасыз ету);

– бағдарламалық өнімнің өмірлік циклінің процестері;

– бағдарламалық өнімді әзірлеу әдістері мен құралдары;

– өмірлік цикл процестеріне қатысатын персонал

Профильдік пәндер.

  • Математикалық талдау;
  • Алгоритмдеу және бағдарламалау негіздері;
  • Ықтималдықтар теориясы және математикалық статистика;
  • жүйелер теориясының математикалық негіздері;
  • Электр тізбектерінің теориясы;
  • Микроэлектроника және функционалдық электроника;
  • Операциялық жүйелер;
  • қазіргі операциялық жүйелер;
  • деректер қорын басқару жүйелері;
  • Есептеу жүйелері мен желілерін ұйымдастыру;

Caspian University-нің  ерекшелігі-бізде 70% – дан астам тәжірибеші-оқытушылар оқытады. Біз мамандар даярлаудың тәжірибелік бағытын күшейтеміз.

Оқытушылар, бизнес-жаттықтырушылар:

Нурпеисова Г.Б. – д.т.н., академический профессор;
Букенова И.Н. д.т.н., сеньор-лектор;

Копенбаева А.С. – м.м.н., сеньор-лектор;

Исаева Г.Б. – к.п.н., ассоциированный профессор;

Бейсенбаева К.А. – к.ф-м.н., ассоциированный профессор;

Ермаков А.С. – к.т.н., ассоциированный профессор;

Сейсенбаева А.С. – м.м.н., сеньор-лектор.

Осы мамандық түлектері кім болып жұмыс істейді?

“Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету” мамандығын бітіргеннен кейін сіз осы бағыттар бойынша жұмысқа орналаса аласыз

  • бағдарламалық жүйелерді жобалаушы;
  • бағдарламалық инженерия жөніндегі маман;
  • бағдарламалық қамтамасыз етуді тестілеу жөніндегі маман;
  • бағдарламалық – ақпараттық жүйелерді әзірлеу жөніндегі маман;
  • бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу және сүйемелдеу жөніндегі техник.