“5В020700-Аударма ісі” мамндығы  

Аударма ісі-бұл ерекше мамандық, ол білім алушылардан аударма және тілдерді білу саласында кәсіби білімдерін ғана емес, сонымен қатар белгілі бір жеке қасиеттерін талап етеді. Аталған мамандық тілдерді меңгеруге ынталы,сындар мен қателіктерден қорықпайтын, биіктікке жету үшін өзіне толық сенімді тұлғалар таңдайды. Аударма ісі саласындағы түлектер оқыған тілдерді жетік меңгеріп қана қоймай, сонымен қатар құқықтану, экономика, мұнай-газ саласында, саясаттану және банк ісінде арнайы білімі бар басқа  мамандықтарда да жеткілікті білім алады.

Академиялық дәрежесі: “Аударма ісі” мамандығы бойынша гуманитарлық ғылымдар бакалавры

Таңдау бойынша пәндер ЕНТ/КТ:

Шетел тілі + дүниежүзі тарихы

КТ пәндері (ұқсас мамандық бойынша түсушілер үшін):

Қазақ тілі /Орыс тілі + шет тілі

Оқу түрі: күндізгі, қашықтықтан

Оқу мерзімі:

4 жыл орта білімнен кейін (күндізгі)

3 жыл орта кәсіби (күндізгі, қашықтықтан)

2 жыл жоғары (қашықтықтан))

Аудармашы кең ғылыми және мәдени ой-өрісіне ие, білімге құштар, төзімді болып келеді. Себебі оған жиі ауыр режимде жұмыс істеуге тура келеді.

“Аударма ісі” мамандық аясында сабақтарда алынатын дағды мен құзыреттілікті бекіту үшін, студенттер оқытушылар бірігіп  English Speaking Club ашқан болатын. Бұл клубтың негізгі артықшылықтарының бірі-өзін-өзі көрсету болып табылады, яғни спикердің тақырыпты өзі таңдап алады және бұл тақырыпты талқылауға ешкім кедергі бола алмайды. Бұл әдістеме тек ауызекі сөйлеу дағдыларын ғана емес, аудиторияға тілдік әсер ету психологиясын зерттеуге мүмкіндік береді.

Кәсіби қызмет түрлері

– аударма (әртүрлі жанрдағы мәтіндер мен құжаттарды жазбаша аудару, келіссөздерді, халықаралық кездесулерді, конференцияларды ауызша аудару);

– ұйымдастыру (әр түрлі іс – шараларды ұйымдастыру және өткізу, кәсіби және қоғамдық ұйымдар құру);

-отандық, шетелдік және бірлескен кәсіпорындар мен ұйымдардың тиісті бөлімшелерінде өндірістік-басқару (басшылық және/кәсіби міндеттерді орындау (аударманың әртүрлі түрлері) );

– ақпараттық-аналитикалық (әлеуметтік-саяси талдауды жүзеге асыру, іскерлік хат – хабарларды, есептерді, шолуларды, жағдайдың болжамдарын жасау, аудармаларды редакциялау);

-ғылыми-зерттеу (тәжірибелік материалдарды жинау және өңдеу, аударматану және мәдениетаралық коммуникация мәселелері бойынша баяндамалар мен мақалалар дайындау).

Профильдік ПӘНДЕР

  • Арнайы кәсіби шет тілі;
  • Аударма теориясы;
  • мәдениетаралық коммуникация теориясы мен практикасы;
  • аударма практикасы;
  • Ауызша аударма практикасы;
  • жарнама аудармасы;
  • Кино-бейне аударма;
  • Ақпараттық аударма практикасы;

Caspian University Erasmus Mundus қорымен бірлесе отырып, үздік студенттерге студенттік ұтқырлық бағдарламасына қатысуға және Францияның үздік жоғары оқу орындарында тегін білім алуға мүмкіндік береді. Caspian University Президенттік стипендия алуға жоғары DPI бар үздік студенттерді марапаттайды және көп балалы отбасыларды қолдау үшін икемді жеңілдіктер жүйесі бар.