Қоғамдық құқық ғылыми-зерттеу институты (Қоғамдық құқық ҒЗИ)
Қоғамдық құқық ғылыми-зерттеу институты (Қоғамдық құқық ҒЗИ) 2020 жылы Каспий университетінің «Әділет» Жоғары құқық мектебінің құрылымдық бөлімшесі ретінде құрылды.
Институттың алғашқы директоры – заң ғылымдарының докторы, профессор Подопригора Р.А. Ол Қазақстанның белгілі ғалымдарының бірі, әкімшілік құқық және мемлекеттік басқару саласының маманы, конституциялық және әкімшілік құқық мәселелері, мемлекеттік-конфессиялық қатынастардың құқықтық проблемалары бойынша көптеген жарияланымдардың авторы. Сонымен қатар, оның шетелдік рейтингтік журналдарда жарияланған мақалалары мен оқу құралдары бар. Қазіргі уақытта – Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьясы.
2024 жылы институт басшысы болып заң ғылымдарының кандидаты, профессор Караев А.А. тағайындалды. Қоғамдық құқық ҒЗИ Германияның халықаралық ынтымақтастық қоғамымен (GIZ) тығыз серіктестік орнатып, қоғамдық құқық саласындағы өзекті мәселелер бойынша ғылыми-тәжірибелік конференциялар ұйымдастыру мен өткізуге белсенді қатысады. Сонымен қатар, Қазақстанның көрнекті ғалымдарына арналған дөңгелек үстелдер ұйымдастырады. Жыл сайын Адам құқықтары жөніндегі Жалпыға бірдей декларация қабылданған күн қарсаңында институт адам құқықтары жөнінде студенттік конференциялар өткізіп, қоғамда құқықтық білімді насихаттау ісіне белсенді атсалысады.
Қоғамдық құқық ҒЗИ негізгі міндеттері:
- Институттың ғылыми әлеуетін нығайту;
- Қоғамдық құқық, ең алдымен конституциялық және әкімшілік құқық саласында ғылыми зерттеулер жүргізу;
- Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі қаржыландыратын іргелі ғылыми зерттеулер байқауларына қатысу;
- Институт қызметкерлерінің ғылыми мақалалар жинағын жариялауға дайындау;
- Монографиялар мен ғылыми мақалаларды рецензиялау;
- Диссертацияларды талқылау және сараптау, диссертацияларға оппоненттік пікір жазу, авторефераттарға пікір дайындау және т.б.
Қоғамдық құқық ҒЗИ қызметкерлері:
Караев Алипаша Ағананұлы – Каспий университетінің Қоғамдық құқық ҒЗИ директоры, заң ғылымдарының кандидаты, профессор.
[Сілтеме]Подопригора Роман Анатольевич – Каспий қоғамдық университетінің Жеке құқық ҒЗИ бас ғылыми қызметкері, Каспий қоғамдық университетінің «Әділет» Жоғары құқық мектебінің профессоры, Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьясы, заң ғылымдарының докторы.
[Сілтеме]Мұхамеджанов Эдуард Булатович – Каспий қоғамдық университетінің Жеке құқық ҒЗИ бас ғылыми қызметкері, Каспий қоғамдық университетінің «Әділет» Жоғары құқық мектебінің профессоры, заң ғылымдарының докторы. Кәсіби заң кеңесшілері палатасының Басқарма мүшесі. «Еуразия» халықаралық ғылым академиясының академигі.
[Сілтеме]Жанұзакова Лейла Тельманқызы – Каспий қоғамдық университетінің Жеке құқық ҒЗИ бас ғылыми қызметкері, Каспий қоғамдық университетінің «Әділет» Жоғары құқық мектебінің профессоры, заң ғылымдарының докторы.
[Сілтеме]Бейсенова Аймхан Үсіпбайқызы – Каспий қоғамдық университетінің Жеке құқық ҒЗИ жетекші ғылыми қызметкері, Каспий қоғамдық университетінің «Әділет» Жоғары құқық мектебінің профессоры, заң ғылымдарының кандидаты, доцент.
Кәлімбекова Әсел Рахатқызы – Каспий қоғамдық университетінің Жеке құқық ҒЗИ жетекші ғылыми қызметкері, Каспий қоғамдық университетінің «Әділет» Жоғары құқық мектебінің профессоры, заң ғылымдарының кандидаты. «Әділет» ғылыми журналының бас редакторы, Жас ғалымдар кеңесінің төрайымы.
Даирбай Динара Ерланқызы – Каспий қоғамдық университетінің Қоғамдық құқық ҒЗИ үйлестірушісі.