Дарынды шаңырақ

«Дарынды шаңырақ» тобы 2016 жылдың 8 қарашасында негізін қалады. Каспий университетінің өзге клубтарынан  ерекшелігі, университетімізде ең алғаш бой көтерген қазақ тобы. Оның негізін қалаған Жүнісбаева Гүлмарал Мұратханқызы. Осы аз ғана уақыт ішінде «Дарынды шаңырақ» тобы көптеген жандардың жүректерінен ұмытылмастай ерекше орын алды десек қателеспейміз. Олай  дейтін себебіміз, бұл топ өзіне  жүректері кең, әрқашан жақсылық жасауға ұмтылатын  жандарды шақырады.

Біздің топтың мақсаты:

  • Қазақша мерекелерді насихаттау;
  • Университет қабырғасында қазақ тілін дәріптеп қана қоймай, қазақ тілін құрметтеуге үйрету;
  • Көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын созып, қайырымдылық жасау;
  • Өнерге құштар адамдарға ашылуға, ұялмауға көмектесу;
  • Болашаққа деген құлшынысты ояту.

Біздің топтың ұйымдастыратын іс-шаралары

  • 1 желтоқсан-Президент күні;
  • 16 желтоқсан-Тәуелсіздік күні;
  • 8 наурыз-Гүлдей құлпырған қыз келіншектер мерекесі;
  • 22 наурыз-Қазақ халқының төл мерекесі- Наурыз мейрамы;
  • 14 сәуір- Қозы Көрпеш Баян Сұлу мерекесі;
  • 7мамыр- Отан қорғаушылар күні, және т.б.

Сонымен қатар сіздердің бізден алатындарыңыз

  • Жақсы көңіл-күй;
  • Ұмытылмас сәттер;
  • Патриоттық сезім.

Өзіңді дарындымын деп ойласаң өзіңді дәлелде, көрсет ,шыңдал біз саған сенеміз! Кел, біздің топқа қосыл!