ҚҰРМЕТТІ СТУДЕНТТЕР, ОҚЫТУШЫЛАР ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР
Білім беру қызметтерінің жоғары сапасын растау, еңбек нарығының білікті мамандарға деген қажеттілігін қамтамасыз ету және білім беру стандарттарына сәйкестікті сақтау мақсатында, 2026 жылғы 8–9 сәуір күндері Каспий қоғамдық университетінде білім беру бағдарламаларын мамандандырылған аккредиттеу рәсімі өтеді.
Аккредиттеуді Орталық Азия білім беруді аккредиттеу қауымдастығы (CAAAE) жүргізеді.
Сыртқы сарапшылар тобының (ССТ) сапары аясында келесі іс-шаралар жоспарланған:
- басшылықпен, құрылымдық бөлімшелердің жетекшілерімен, оқытушылармен және білім алушылармен, түлектермен және жұмыс берушілермен кездесулер;
- студенттермен, магистранттармен және профессор-оқытушылар құрамымен сұхбаттар;
- білім беру бағдарламаларының оқу-әдістемелік және зертханалық-техникалық базасын бағалау;
- практика базаларын және жатақханаларды аралау;
Оқытушылар мен білім алушылардан аккредиттеу рәсіміне белсенді қатысып, сыртқы аудиттің сарапшылар тобы мүшелеріне ақпарат ұсыну барысында жан-жақты қолдау көрсетулеріңізді сұраймыз.
Әкімшілік

