Каспий қоғамдық университеті «Әділет» Жоғары құқық мектебінің қазақ бөлімінің 3-курс студенттерінің арасында мемлекеттік тілде іскерлік ойын өткізілді.

04 декабря 2018 Комментариев: 0

2018 жылдың 28 қарашасында Алматы қаласының Бостандық аудандық сотының ғимаратында Каспий қоғамдық университеті Әділет» Жоғары құқық мектебінің қазақ бөлімінің 3-курс студенттерінің ассоц профессор, з.ғ.к., доцент Эльмира Оразғалиқызы Дуйсенованың жетекшілігімен мемлекеттік тілде іскерлік ойыны (көрнекі сот процесі) өткізілді.

Аталған көрнекі сот процесі Бостандық аудандық соты мен Каспий қоғамдық университеті арасында жасалған Ынтымақтастық туралы меморандум аясында Бостандық аудандық сотында екінші мәрте ұйымдастырылып отыр, алғаш рет былтыр «Әділет» Жоғары құқық мектебінің қазақ бөлімінің 2,3- курс студенттері Э.О. Дуйсенованың жетекшілігімен өткізген болатын. 

Іскерлік ойын ортақтасқан міндеттеме негізінде бос жұмыссыз жүрген күндері үшін ақы төлеу, мемлекеттен алатын жыл сайын әр айдың басында жәрдемақы өндіру, денсаулықтың бұзылуынан келтірілген зиянды және моральдық шығынды өтеу туралы азаматтық іске арналды. Процеске қатысушылар рөлдері келесідей бөлінді: судья – Жүніс Рауан, сот отырысының хатшысы – Әбдіманап Алтынай, талапкер – Амантай Досым,         талапкер өкілі – Қабділда Ернар, жауапкер – Маймышев Азат, жауапкерлер     өкілдері – Шайхы Қайрат, Құттыбай Дидар, мамандар – Алғалиев Дидар, Рустемова Анара, куәлер – Алишеров Абылай, Агимбай Мөлдір, Дәлубай Нүркен. Студенттер іскерлік ойынды Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінде белгіленген сот талқылауын жүргізу тәртібіне сәйкес өткізді.

Іскерлік ойынды жүргізудегі мақсат - студенттердің «Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу құқығы» пәні бойынша университет қабырғасында алған білімдерін сот тәжірибесінде қолдана білуге дағдылану, кәсіби дайындығының деңгейін көтеру.

Көрнекі сот процесінде көрермендер қатарында болған Алматы қаласы Бостандық аудандық сотының төрағасы А.Б. Баянов, судья Г.Т. Талапова процесс аяқталған соң сөйлеген өз сөздерінде студенттерді құттықтап, атқарған жұмыстарына алғыстарын білдірді, өздерінің ақыл-кеңестерін, тілектерін айтты.

 

 

 

  

Вернуться назад



Комментарии

Оставить комментарий