Заңгерлік клиника жайында

Заңгерлік клиника — коммерциялық емес құрылым (коммерциялық емес ұйым ретінде тіркелуі мүмкін), оның мақсаты халыққа тегін заңгерлік көмек көрсету болып табылады.

Әдетте, заңгерлік клиникалар студенттерге кеңес беру тәжірибесін жинақтауға мүмкіндік беру үшін, ал оқытушыларға – теориялық білімдерін іс жүзінде қолдана отырып, өздерінің кәсіби деңгейлерін ұштау үшін жоғарғы оқу орнының жанынан құрылады.

«Заңгерлік клиника» терминін алғаш рет шетелдік әдебиеттерде 1900 жылдары атаған, сол кезде «Deutsche Juristen-Zeitung» журналында профессор Георг Фроммгольдтың «Juristische Kliniken» атты мақаласы жарық көрген. «Дәрігерлік машықтану үшін медициналық факультеттер мен академиялар жанынан құрылған клиникалардың зор маңызын көрсете отырып, Фроммгольд  соларға ұқсас етіп, профессордың басшылығымен ойдан шығарылған немесе уақыты өтіп кеткен заңгерлік сорақылықтарды талқыламай, заңгерлік көмекке мұқтаж жандарға тікелей көмек көрсетіп, шынайы, әлі басы ашылмаған істермен айналысуды ұсынады».  

Клиника қызметінің мақсаты:

  • әлеуметтік бағдары бар кәсіби заңгерлер даярлауға қатысу;
  • азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыру;
  • аз қамтылғандарға, мүгедектерге, жетім балаларға және әлеуметтік қорғансыз азаматтардың басқа да санаттарына заңгерлік көмек көрсету;
  • жоғарғы заңгерлік білім бағдарламасы бойынша маман даярлаудың сапасын арттыруға ықпал ету;
  • заңгер студенттердің, түлектердің жұмыспен қамтылуына ықпал.

Алға қойылған мақсаттарына орай Клиника келесі міндеттерді орындайды:

  • заңгер студенттерді әлеуметтендіру, атап айтқанда, қолданыстағы заңнаманың ережелерін іс-тәжірибеде қолдану мәселелерімен таныстыру;
  • студенттердің кәсіби дағдыларын дамыту;
  • азаматтарға тегін түрде құқықтық көмек көрсету;
  • Клиника мақсаттарын орындауға бағытталған мемлекеттік, муниципалдық, халықаралық және өзге де бағдарламаларға қатысу;
  • Тәжірибе материалдарын жүйелендіру және жалпылау, сондай-ақ тәжірибелік қызмет нәтижелерін
  • Университеттің тиісті бөлімшелерінің ғылыми жұмыстарында қолдануға ықпал ету.

Заңгерлік клиника келесі мәселелер бойынша заңгерлік қызмет көрсетеді:

  • Конституциялық құқық;
  • әкімшілік құқық;
  • салық құқығы;
  • еңбек құқығы;
  • әлеуметтік қамтамасыз ету құқығы;
  • азаматтық құқық;
  • мұрагерлік құқық;
  • тұрғын үй құқығы;
  • отбасы құқығы;
  • жер құқығы.