Ю.Г.Басин

Ю́рий Григо́рьевич Ба́син (28 наурыз 1923 — 5 қараша 2004) — қазақстандық заңгер, цивилист, қазақстандағы азаматтық құқық ғылымы заманауи мектебінің іргесін қалаушылардың бірі, Қазақстандағы жоғарғы заңгерлік білімді ұйымдастырушы, заң ғылымдарының докторы.

1949 жылы Алматы мемлекеттік заң институтын (Алматы қ.) экстернмен үздік бітіріп, «заңгер» біліктілігіне ие болды. 1954 жылы КСРО ҒА Мемлекет және құқық институтында (Мәскеу қ.) «Күрделі құрылысқа мердігерлік келісімшарт» тақырыбында канидаттық диссертациясын қорғаған. 1965 жылы Ленинград мемлекеттік университетінде «Кеңестік тұрғын үй құқығының мәселелері» тақырыбында докторлық диссертациясын қорғаған.

1966 жылы профессор ғылыми атағына ие болды.

Еңбек жолы

ЖОО тәмамдаған соң ғылыми-педагогикалық жұмыстарда: Бүкілодақтық заңгерлік сырттай институтының Алматы филиалында оқу ісі меңгерушісінің м.а. (1949—1950); ҚазКСР Әділет министрлігінің АӘМ оқытушысы (1950—1952); АМЗИ оқытушысы, ассистент (1952—1955); одан кейін ҚазМУ (1955—1995) ассистенттен профессорға дейінгі жолдан өтеді, заң факультетінің азаматтық құқық кафедрасының меңгерушісі (кафедраға отыз жылдан астам уақыт басшылық еткен - 1969 ж. бастап 1990 ж. дейін); он жыл заң факультетінің деканы қызметін атқарған (1975—1985). 1990—1995 жылдары  — ҚазМУ (ҚазМҰУ) заң факультетінің азаматтық құқық кафедрасының профессоры. 1994—1997 жылдары — Қазақстандағы жаңа мемлекеттік заң оқу орны – Қазақ мемлекеттік заң институтының (кейіннен университетінің) азаматтық құқық кафедрасының профессоры.

Заң шығару қызметіне қатысуы

ҚазКСР Азаматтық кодексінің (1963),  ҚазКСР Неке және отбасы кодексінің (1969), ҚазКСР Тұрғын үй кодексінің (1983) жобаларын әзірлеуге, сондай-ақ меншік туралы бүкілодақтық заңының (1990) және КСР мен республикалар Одағының азаматтық заңнама негіздерінің  (1991) жобаларын әзірлеуге қатысқан.

Қазақстан Республикасы тәуелсіз мемлекеті қалыптасуының алғашқы онжылдығында 40-тан астам заң жобаларын әзірлеу бойынша жұмыс тобы төрағасының орынбасары болды (1992—1998), олардың 38-і Заң немесе заң күшіне ие ҚР Президентінің Жарлығы ретінде қабылданды. ҚР 60-қа жуық заң жобаларын, кодекстерін, Конституциясын әзірлеуге қатысқан.Олардың ішінде ең маңыздылары: ҚР Азаматтық кодексі (Жалпы және Ерекше бөлімдері), жеке кәсіпкерлікті қорғау және қолдау туралы, шетел инвестициялары туралы, жер туралы, мұнай туралы, жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы, жекешелендіру туралы, банкроттық туралы, ипотека туралы, жылжымайтын мүлікті тіркеу туралы, тұрғын үй қатынастары туралы, жауапкершілігі шектеулі және қосымша серіктестіктер туралы, жеке кәсіпкерлік туралы және т.б.

1995 жылы ҚР қолданыстағы Конституциясын әзірлеу кезінде ҚР жаңа Конституциясының жобасы бойынша ҚР Президентінің жанындағы Сараптамалық-кеңес беру кеңесінің мүшесі болды. Бұл орган ҚР жаңа Конституциясының жобасын бүкілхалықтық талқылау кезінде айтылған ескертулер мен ұсыныстарды қарап, жинақтаған.

Ғылыми-педагогикалық қызметі

Дарынды шәкірттерінің  бүкіл бір саңлақтар тобын даярлаған. Оның ғылыми басшылығымен 3 докторлық және 12 кандидаттық диссертация қорғалды. Оның шәкірттерінің арасынан: Заңтану Академиясының – «Әділет» жоғарғы құқық мектебінің негізін қалаушылардың бірі, Қазақстан Республикасы қазіргі азаматтық заңнамасы бойынша ғылыми жұмыстардың авторы,   профессор, з.ғ.д.Анатолий Григорьевич Диденконы, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңес мүшесі, з.ғ. к. Убайдулла Стамқұловты, адвокат, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары комиссиясының Сараптамалық-кеңес беру кеңесінің мүшесі, з.ғ.к.Райхан Досанованы, Ғылым саласындағы Ш. Уәлиханов ат. жүлденің лауреаты, Қазақстан Республикасы Мәжіліс парламентінің Ғылыми-кеңес беру кеңесінің мүшесі, профессор, з.ғ.д. Қасым Мәуленовты атап өтуге болады.

Ю. Г. Басин көп жылдар бойы бірқатар жоғарғы оқу орындарында азаматтық құқық бойынша кандидаттық және докторлық диссертациялар қорғау бойынша ғылыми (мамандандырылған, диссертациялық) кеңестерінің тұрақты мүшесі болған; Томск МУ жанындағы диссертациялықкеңес мүшесі болған (1970—1992). Соңғы жылдары Қазақ гуманитарлық-заңгерлік университетімен (ҚазМЗУ), «Әділет» ЗА-ЖҚМ, ҚазМЗУ базасында Қазақ академиялық универстетімен құрылған докторлық диссертациялар қорғау бойынша біріккен диссертациялық кеңес мүшесі, одан кейін – осы мамандықтар бойынша ҚазМЗУ және «Әділет» ЗА-ЖҚМбіріккен кеңесінің мүшесі қызметін атқарған, Бішкектегі Диссертациялық кеңестердің біріне мүше болған.

ҚР Парламентінің және ҚР Үкіметінің ғылыми кеңесшісі қызметін атқарды, көптеген ғылыми кеңес беру кеңестерінің: ҚР Конституциялық сотының, ҚазКСр және ҚР жоғарғы сотының, ҚазКСР және ҚР жоғарғы төрелік соттарының және басқа да мемлекеттік органдардың кеңес мүшесі болды.

Аса беделді қазақстандық заңгер ретінде Париж халықаралық төрелік сотында қазақстандық құқық бойынша (1998, екі мәрте), Стокгольм сауда палатасының төрелік институтында  (1999),  Вашингтонда төрелік сотында (2000) сарапшы болып бірнеше мәрте баяндама жасаған. 

«Әділет» ғылыми еңбектері» (1997 жылдан бастап), «Құқық және мемлекет» (1997 жылдан бастап) журналдарының редакциялық алқа мүшесі, «Кәсіпкер және құқық»  журналының редакциялық кеңес мүшесі (1999 жылдан бастап) жұмыс істеген.

Заң білімі саласындағы ұйымдастырушылық қызметтері

1992 жылы басқа да бірқатар көрнекті заңгерлермен бірге Қазақстандағы тұңғыш жеке заңтану жоғарғы оқу орнын, қазіргі кезде – Каспий қоғамдық университетінің құрамында Заңтану Академиясы – «Әділет» Жоғарғы құқық мектебін  құрды.  Қорғаншы кеңесінің (1992 жылдан бастап), ғылыми кеңестің, диссертациялық кеңестің мүшесі, Академияның азаматтық құқық және азаматтық процесс кафедрасының профессоры болды.

Қазақстандағы табысты жұмыс істеп келе жатқан «Эквитас» (Aequitas) заңгерлік фирмасының ортақ құрылтайшысы. 

Ю. Г. Басин — дүниежүзіне  аты шыққан аз ғана қазақстандық заңгер ғалымдардың бірі.  Оның жеке тұлғасының, ғылыми еңбектері мен оқулықтарының арқасында Қазақстанда соңғы жылдары КСРО, одан кейін ТМД елдерінің азаматтық құқық ғылымы орталықтарының бірі құрылып, қалыпасты. 

Ғылыми еңбектері:

200-ден астам ғылыми еңбектері жарық көрген, олардың ішінде 30 монографиясы мен оқулығы бар.