Оқуға түсу шарттары. Бакалавриат

Бакалавриат бағдарламасы бойынша оқуға түсетіндер үшін құжаттар қабылдау 20 маусымнан бастап 25 тамызға дейін жүргізіледі.

  • Мектеп түлектеріне оқуға түсу үшін ҰБТ сертификаты қажет;
  • Колледж түлектері үшін кешенді тестілеу (КТА) сертификаты қажет; Мемлекеттік білім беру грантына құжаттарды қабылдау 23 шілдеден 31 шілдеге дейін жүргізіледі.

Оқуға түсуге қажетті құжаттар:

  • Өтініш;
  • Жеке куәлігінің көшірмесі;
  • Орта білімі туралы аттестат/орта-кәсіптік немесе жоғары білім дипломы қосымшасымен (көшірмесі  және түпнұсқасы);
  • Денсаулық паспорты немесе 063 формалы медициналық анықтама;
  • 086-У формалы медициналық анықтама;
  • Флюорография суреті;
  • Фотосурет  3х4 – 8 дана;
  • ҰБТ/КТА тапсыру қорытындысы бойынша сертификат;

Шетелдік азаматтар жоғарғы оқу орнына ҚР заңнамасында, сондай-ақ ҚР ратификациялаған халықаралық келісімшарттарда белгіленген тәртіпте қабылданады.

Өткен жылдардағы жалпы орта білім беру (жалпы орта) мекемелерінің түлектері, техникалық және кәсіби (бастауыш және орта кәсіби, ортадан кейінгі) білім беру ұйымдарының түлектері, оқушыларды халықаралық алмасу желісі бойынша шетелде оқып келген жалпы білім беру мектептерінің түлектері, ҰБТ қатыспаған өзбек, ұйғыр және тәжік тілдерінде оқытудың жалпы білім беру мектептерінің түлектері, республикалық музыкалық мектеп-интернаттарының түлектері, сондай-ақ  оқу орнын шетелде аяқтаған тұлғаларға оқуға түсу үшін кешенді тестілеуден өту қажет.