Неліктен магистратура?

Магистратураның артықшылықтарын төмендегідей көрсетуге болады:

1.     Магистратурада оқу сапалы білім алуға кепіл береді, себебі магистрлерді еліміздің ең үздік ЖОО даярлайды.

2.     Магистратураның оқу жоспары әрбір студенттің жеке-жеке қажеттіліктерін ескереді.  ЖОО магистратурада оқу формасын (бюджет, келісімшарт), сондай-ақ кестесін таңдау мүмкіндігін береді. 

3.     Магистр дәрежесі шетелде бағаланады, бұл түлектерге шетелдерде тәжірибеден өтуге немесе шетелдік компанияларда жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

4.      Магистратурада оқу бакалавриаттан өзгеше бағытты таңдай отырып, оқуды жалғастыруға рұқсат береді. Бұл студенттердің жаңа мамандық таңдауына мүмкіндік береді.

Бүгінгі таңда бір ғана жоғарғы білімнің болуы Кеңес Одағы дәуірінде кеңінен таралғандай, айтарлықтай артықшылық болып саналмайды. Бүгінгі күнге сәйкес болу үшін екі жоғары білімге ие болу стандартқа айналған.

Каспий Университетіндегі магистратураның артықшылықтары:

1.     магистрлік диссертацияны танымал ғылыми-тәжірибелік мектеп жетекшісінің басшылығымен дайындау;

2.     оқу бағдарламасының өзекті арнайы курстары магистранттарға озық білім мен құзырлық береді;

3.     табысты кәсіпорындарда тәжірибеден өту магистранттарға заманауи тәжірибелік дағды мен жұмыс берушіге өзінің кәсіби қасиеттері мен даярлық деңгейін көрсетуге мүмкіндік береді;

4.     КҚУ серіктес кәсіпорындарында тәжірибеден және машықтанудан өту мүмкіндігі;

5.     КҚУ магистратурасының оқу бағдарламалары мемлекеттік білім беру стандарттарына ғана емес, сондай-ақ осы бейін мамандарына қойылатын талаптарға да сай келеді.

6.     КҚУ мамандандырылған зертханасы, оқу-әдістемелік кабинеті, оқу полигоны бар, кафедра маңызды мамандандырылған компьютерлік бағдарламалармен, әртүрлі мазмұндағы геологиялық карталармен  жабдықталған, магистранттардың қарамағында минералдар мен тау жыныстары үлгілерінің кең ауқымды тізімі бар;

7.     КҚУ академиялық жұмылғыштықты қамтамасыз етеді, КҚУ магистранттары Санкт-Петербург мемлекеттік теңіз техникалық университеті (Санкт-Петербург, Ресей), Ұлттық тау-кен университеті (Днепропетровск, Украина) сияқты шетелдік университеттерде тәжірибеден өтеді.