Магистратура туралы

Қазіргі әлемде «мәңгілік» білім жүйесі жоқ. Қазіргі заманның ырғағы адамның бүкіл өмір бойында өзінің білім деңгейін арттырып отыруға мәжбүрлейді. 

Каспий Университетінің магистратурасында білім алу өзіңіздің кәсіби біліктілігіңізді арттыруға, басқару, құқықтану, бизнес, геология және мұнай-газ ісісаласындағы қазіргі заманға сай білім мен дағдыларды игеруге мүмкіндік береді.

Магистратура – ғылымға апаратын жол. Өз өмірін ғылыми зерттеулермен және педагогикалық қызметпен байланыстырғысы келген адам магистратурада оқыған жылдарында осы бағытта маңызды қадамдар жасай алады. Магистрлік диссертация жазу дағдылары, ғылыми зерттеу әдістерін игеру, тіпті магистрлік диссертация мазмұнының өзі кандидаттық диссертация даярлау кезінде жемісті түрде пайдаланылуы мүмкін.Ең соңында, МАГИСТР біліктілігі жоғарғы білім саласындағы кәсіби біліктіліктің жоғарғы деңгейі ретінде, кәсіби білім алудың басқа деңгейлерінің нәтижелері бойынша алынған біліктілікке қарағанда, жұмысқа орналасуда және мансаптық сатымен көтерілуде үлкен мүмкіндіктер береді. 

Магистратурада жоғарғы оқу орнын бітірген жылына қарамастан, бакалавр немесе кез-келген бейінді маман дипломы бар кез-келген адам оқи алады. Шын мәнісінде, магистратура бүгінгі таңда екінші жоғарғы білім алудың жаңа формасына айналған. Әсіресе бұл ұйымдар мен кәсіпорындардың әртүрлі деңгейдегі басқару органдары немесе басқару құрылымдары қызметкерлерінің бейінді жоғары білімі болмайтын және оларға осы салада қарқынды әрі маңызды дайындық қажет болатын басқару саласында өзекті болып саналады. Біздің магистрлік бағдарламаларымыз ең алдымен дәл осы санатқа бағдарлануы тиіс.

 Сонымен қатар, біз, әрине біздің жоо ғана емес, басқа да жоо түлектерін магистратураға шақырамыз. Бізге жоғарғы оқу орнын биыл бітірген түлек те, дипломын осыдан жиырма жыл бұрын алған адам да келеді.

Магистратурада оқыту орыс және қазақ тілдерінде бейінді және ғылыми-педагогикалық бағытта күндізгі оқу формасы бойынша жүзеге асырылады. Даярлау мерзімі 1 жыл, 1,5 жыл және 2 жыл. 

 Каспий Университеті бюджеттік орындарға да, ақылы оқыту орындарына да қабылдау жүргізу мүмкіндігіне ие. Магистранттарға гранттар мен шегерімдер жүйесі қарастырылған.

Каспий Университетінің (КУ) магистратурасында оқыту келесі мамандықтар бойынша жүзеге асырылады:

  • 6М030100 Құқықтану

  • 6М050600 Экономика 

  • 6М050700 Менеджмент

  • 6М050900 Қаржы

  • 6М070600 Геология және пайдалы қазбалардың кен орындарын барлау

  • 6М070800 Мұнай-газ ісі