Докторантура бағдарламасына оқуға түсу шарттары

Докторантураға қабылдау ғылым салалары бойынша білім беру саласындағы орталық өкілетті орган бекіткен білім беру бағдарламаларына жүргізіледі.

Докторантураға:

  • «магистр»академиялық дәрежесі бар адамдар;
  • жоғарғы арнайы білімдері бар адамдар; 
  • ғылым кандидаты ғылыми дәрежесі бар адамдар қабылданады.

PhD докторантураға қабылдау қашан жүргізіледі?

Жыл сайын PhD докторантураға түсушілерден өтініш қабылдау 20 маусымнан бастап 20 шілдеге дейін жүргізіледі, қабылдау емтихандары 1 тамыздан бастап 20 тамызға дейін өтеді.

PhD докторантураға оқуға түсу үшін қандай құжаттар қажет?

  • Каспий Университеті ректорының атына өтініш;
  • Зерттеу тақырыбы бойынша қазақ, орыс және/немесе шет тіліндегі негіздеуі;
  • Жеке куәлігінің көшірмесі;
  •  Білімі туралы құжаттардың көшірмесі;
  • Test of English as a Foreign Language, Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm (TOEFL ITP), (TOEFL, шекті балл– 560 кем емес), International English Language Tests System (IELTS, шекті балл - 6.0кем емес), Grundbaustein DaF (шекті балл - С 1), Deutsche Sprachprfung fur den Hochschulzugang (DSH, шекті балл - С 1), Diplôme d'études en langue française (DELF, шекті балл - В 2), DiplomeApprofondideLanguefranзais (DALF, шекті балл - С 1), Тestdeconnaisancesdefranзais (TCF, шекті балл - 400кем емес) бағдарламалары бойынша шет тілінен сертификат көшірмесі (ағылшын, француз, неміс) (болған жағдайда);
  • Ғылыми мақалалар тізімі (олардың баспа таңбасы, көшірмесі) болған жағдайда;
  • 3х4 өлшемдегі 6 фотосурет, конверт.
  • 086-У формадағы медициналық анықтама;
  • Кадрларды есепке алу бойынша Жеке парағы және еңбек қызметін растайтын құжат (еңбек өтілі бар адамдарға);
  • Үміткердің анкетасы
  • Шет тілінен тестілеу үшін төлемақы түбіртегі. Мемлекеттік, орыс және шет тілдерінен тестілеудің ақысы – 1 үміткерге 4200 теңге.

Осы пунктте көрсетілген құжаттардың көшірмелерімен бірге салыстыру үшін олардың түпнұсқалары да көрсетіледі. Салыстыру жүргізілгеннен кейін түпнұсқа қайтарып беріледі.

PhD докторантураға оқуға түсу үшін қандай емтихандар тапсыру қажет?

Докторантураға түсетін Қазақстан Республикасының азаматтары және азаматтығы жоқ тұлғалар шетелдіктерді қоспағанда, қабылдау емтихандарын тапсырады  1) таңдауына қарай шет тілдерінің бірінен (ағылшын, француз, неміс); 2) мамандығы бойынша.

Мемлекеттік, орыс және шет тілдерінен қабылдау емтихандары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығы әзірлеген технология бойынша жүргізіледі.

Шетел азаматтары үшін қабылдау емтихандарын тапсыру кезінде ерекше талаптар бар ма?

Докторантураға түсетін шетел азаматтары 1) мемлекеттік немесе орыс тілінен (оқу тілі); 2) мамандығы бойынша қабылдау емтихандарын тапсырады.

PhD докторантураға алу қандай мерзім ішінде жүргізіледі?

PhD докторанттарының қатарына алуды қабылдау комиссиясы 25 тамыздан 31 тамызға дейінгі аралықта жүргізеді (мерзімі өзгеруі мүмкін, 15 тамызға қарай анықтап алуды сұраймыз).