Дистанциялық оқу бағдарламасының артықшылықтары

 Каспий университетінде дистанциялық оқудың артықшылықтары:

1) ДОТ студенттері біздің ЖОО электронды кітапханасын пайдалану мүмкіндігіне ие және біздің бейнедәрістеріміз бойынша дайындала алады;

2)  Университет әрбір оқытылатын студентті барлық пәндер бойынша оқу әдебиетімен қамтамасыз етеді;

3) Университет зертханалық және іс-тәжірибелік сабақтарды online өткізу мүмкіндігін береді. 

4) Университет студенттер менуниверситеттің арасында екіжақты байланысты қамтамасыз ете отырып, студенттерге қашықтықтан оқытудың барлық құралдарын пайдалануға рұқсат береді.

Дистанциялық оқыту технологиясы келесі санаттағы білім алушыларға қолданылады:

1)  Техникалық және кәсіби, ортадан кейінгі білім негізіндегі қысқартылған білім беру бағдарламалары бойынша;  

2)  Арнайы талаптары бар адамдарға;

3) «Болашақ» бағдарламасы бойынша мемлекеттен тыс кеткен білім алушыларға білімін   алуын тоқтатпау үшін;

4) Мерзімдік әскери қызметін өтеуге шақырылғандарға сырттай оқу үшін; 

5) Ұзақ мерзімді шетелдік іссапарда жүргендерге (4 айдан артық).