СЕРПІНДІ ОРТАДАҒЫ БІЛІМ

25 ақпан 2015 Комментариев: 0

           Қазіргі заман жылдам өзгеруде, тез – деп айтсам да болады. Сандық және ақпараттық технологиялардың дамуы, бүкіл әлемді бірыңғай кеңістікке айналуына  алып келді. Кез келген ақпарат көзді ашып-жұмғанша мыңдаған шақырымдарды билеп өтеді. Ағымдағы уақыттың түйінді ерекшелігі болып осы табылады.

Әлемді өзгертетін жаңа идеялар күнделікті пайда болады. Егерде бұрын, Америка Құрама Штаттарындағы табысты идеяның біздің өңірге жетуіне кем дегенде ширек ғасыр қажет болса, ал қазір оған бір сағат та жеткілікті. Ол болса өнер, ғылым, саясат және бизнеске қатысты. Осындай жағдайда нарық сұранысына жауап беретін, сапалы және өзекті білім беру айтарлықтай күрделі. Күрделі – мүмкін емес деген сөз емес.

Осындай заманда жоғары білім беретін мекеме, икемді және бейімделгіш болып, өзгеруі керек. ЖОО еңбек нарығындағы барлық өзгерістерді қадағалап және оның сұранысын жеңіл анықтап білуге міндетті. Caspian University бұрыннан осы бағытта жұмыс істеп келеді. Бизнес сұранысы жайлы хабардар етіп отыратын, Жұмыс Берушілер Кеңесін біз әлдеқашан құрдық. «Nur Group» ірі қаржы тобы Жоғары Экономика Мектебінің оқу жоспарын жасауға қатысады. Басқа Жоғары Мектептерде көптеген тәжірибелі оқытушылар сабақ береді. Сонымен бірге біз әрдайым экономиканың әртүрлі салаларындағы ірі ойыншыларымен кездесулер өткіземіз. Мысалы, 23 ақпан күні жұмыс берушілермен үлкен дөңгелек үстел өткізіліп, 25 ірі фирма мен әртүрлі бағыттағы ұжымдардың басшылары қатысты. Білім мен бизнестің бірігуі талқылаудың басты тақырыбы болды. Кездесудің нәтижесі бойынша, бизнес – кадрларды дайындауға белсене қатысады деп, сеніммен айтуымызға болады. Өйткені, болашақ кадрларды дайындауда – екі тарапты бағыт, өзекті және заманауи кадрлар дайындау үшін, процесстегі барлық ойыншылардың әрекеті қажет.

Еңбек нарығының үрдісіне сәйкес болу үшін, Caspian University осы жетістігінде тоқтап тұрмай, әрі қарай жылжып, жаңа шешімдер іздейді. Біз ары қарай жылжуға міндеттіміз, өйткені қозғалыс әлемнің ажырамас бөлігі болып табылады. Тек дәл қазір жылдамырақ жылжу қажет...  

 

Құрметпен,

Caspian University ректоры, PhD

Нүсенов Жолдасбек Мүсілімұлы

 

Вернуться назад



Комментарии

Оставить комментарий