ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР, СТУДЕНТТЕР МЕН КАСПИЙ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ!

30 желтоқсан 2014 Комментариев: 0

                 Сіздерді келе жатқан 2015 жылымен құттықтай отырып, жаңа жыл үлкен бақыт, сәттілік, жұмыс пен сабақта тек қана қуаныш алып келсін! Көңілді сәттеріңіз бен жаңалықтарыңыз көбірек бола берсін!

Жаңа жыл қарсаңында, өткен жылды қорытындылау әдетке айналған. Биылғы жыл айтарлықтай маңызды және жемісті болды. Жыл басында Қазақстан Республикасындағы Корей Республикасының елшілігімен, Қазақстандағы Корей қауымдастығымен, Оңтүстік Корея қауымдастығының кәсіпкерлерімен, шағын және орта кәсіпті дамыту одағымен бірлесе отырып, Қазақстан-Корей шағын және орта кәсіп орталығы ашылды. Бұл орталық бірлескен кәсіпкерліктің тәжірибелік дамуына және Қазақстан мен Корей Республикаларының бизнес өкілдерінің арасындағы ақпараттық «көпірі» қызметін атқарады. «Қазақстан Тұтынушылар Лигасы» мен Мінсіз Іскерлік Кәсіпорындарының Ассоциациясымен бірлесе жүргізілетін зерттеулердің қорытындысы бойынша, Caspian University көктемде «Мінсіздік» сапа белгісіне ие болды. Бұл марапат біз үшін өте маңызды болды. Өйткені ол біздің дұрыс бағытта жылжып келе жатқанымызды көрсетеді.

Алматы қаласының балалар мекемелерінің түлектерін қолдап, «Нурбанк» АҚ бірлесіп, күзде «Келешекке жолдама» атты әлеуметтік жобаны іске қостық. Қазір осы балалар біздің университетте оқып, жаңа білім алуда.

Экономика және Басқару Жоғары Мектебінің ашылуы біз үшін маңызды оқиға болды. Дәл осы қадам Caspian University бәсекеге қабілетті және еңбек нарығының сұранысына жауап беруге мүмкіндігін берді.

Сонымен қатар, осы жылы халықаралық ынтымақтастық бағытында үлкен жұмыс жасалды. Францияның 60-қа жуық инженерлік мектептерін, халықаралық өндірістік компанияларын біріктірген және әлемнің 36 елінде серіктес ЖОО бар, Француз «n+i» инженерия жоғары мектептерінің абыройлы бірлестігіне Caspian University қосылды.

2020 жылға дейін даму және өрістеу бойынша жоспарын қамтитын, ЖОО-ның даму стратегиясы қабылданды Стратегияны ұстана отырып, Caspian University жылдан жылға өз позициясын Қазақстан Республикасының білім нарығында ғана емес, одан тыс жерлерде де нығайтады.

Осының барлығы – біздің ортақ табысты және нәтижелі жұмысымыздың жемісі. Бұл қызметкерлердің ауыр еңбегі мен студенттердің үлкен ынтасы. Осындай табысты жыл үшін, сіздерге алғысымды білдіремін!

Сіздерді Жаңа Жылмен құттықтаймын! 

 

Құрметпен,

Caspian University ректоры, PhD

 

Нүсенов Жолдасбек Мүсілімұлы

 

Вернуться назад



Комментарии

Оставить комментарий