ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР, СТУДЕНТТЕР МЕН КАСПИЙ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ!

01 желтоқсан 2014 Комментариев: 0

          Ағымдағы жылдың 5-6 желтоқсанында Қазақстанға елуге жуық бизнес өкілдерімен бірге Франция Президенті Франсуа Олланд алғашқы ресми сапарымен келді. О  лардың қатарында Veolia, Total, EDF, Airbus Group, Iveco, Vicat, Vinci және т.б. корпорацияларының басшылары болды. Сондай-ақ Францияның жиырма жоғарғы оқу орындарының өкілдері делегация құрамына кірді.

5-ші Қазақстан-Француз бизнес пен университеттер форумы аясында екі мемлекет арасындағы оқу мекемелері 20-ға жуық халықаралық келісімдерге қол қойды. Әрбір бесінші келісім Caspian University-мен жасалды.

Сонымен қатар, университет арасындағы ынтымақтастық келісімдеріне ESCE Халықаралық бизнес мектебінің директоры – Жан-Мари Камбасерeс мырзамен, Ренн (RSEC) қаласындағы коммерция жоғары мектебінің бас директоры – Оливье Аптел мырзамен, де Перпиньян Виа Домития (UPVD) университетінің халықаралық байланыс бойынша вице-президенті – Жан-Луи Марти мырзамен және «n+i» бірлестігінің атқарушы директоры – Жан-Пьер Тротиньон мырзамен қол қойылды.

Caspian University келісімдерге қол қоюы Франция университеттері мен бизнес-мектептерімен мықты серіктестігіне ие болуды ғана емес, беделді Француздық «n+i» инженерия жоғары мектебінің бірлестігіне қосылу мүмкіндігін берді.

«n+i» бірлестігі – бұл ірі жүйелердің бірі, әлемнің 36 елінде серіктес ЖОО бар, Францияның 60-қа жуық инженерия мектептерін, халықаралық өндірістік компанияларын біріктіреді.

Форум аясында алдағы ынтымақтастық жоспарлары жөнінде екі жақ арасында келіссөздер жүргізілді. Магистратура мен МВА бойынша екі дипломдық бағдарламаларды жүзеге асыру, сонымен қатар, бакалавриат бойынша туризм, қонақ үй мен мейрамхана бизнесі, жаңартылатын қуат көздерін қайта өндіру және т.б. Қазақстан экономикасы үшін перспективалық бағыттағы жаңа мамандықтарды ашу туралы келісімдерге қол жеткізілді. Француз әріптестеріміз Caspian University оқытушыларына әртүрлі жәрдем көрсетуге және оқу бағдарламаларын құрастыруда ынтасын білдірді.

Өз хаттарыңызда, шетелдік жоғары оқу орындарымен алмасу бағдарламалары туралы мәселені жиі көтересіздер. Сол үшін, кездесулер барысында академиялық мобильділік саласындағы ынтымақтастыққа ерекше көңіл бөлініп, осы тақырыпқа байланысты бірқатар келісімдерге қол қойылған. 2015 жылдың басында 10-нан астам бакалавриат пен магистратура мамандықтары бойынша, студенттердің алмасу бағдарламалары жүзеге асырылатын болады.

Біз шетелдік жоғары оқу орындарымен белсенді жұмысты жалғастырамыз және сіздерге осы бағыттағы барлық жаңалықтарды айтып отырамыз.

 

Құрметпен,

Caspian University ректоры, PhD

Нүсенов Жолдасбек Мүсілімұлы

Вернуться назад



Комментарии

Оставить комментарий